А.И. Бараев атындағы АШҒӨО агробизнеспен ынтымақтастықты кеңейтеді
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Агроөнеркәсіптік кешеннің алдында тұрған міндеттерді сәтті шешу үшін өндіріске заманауи әзірлемелерді белсенді енгізу, ғылымның өндіріспен байланысын дамыту, ауылшаруашылық құрылымдарымен тікелей келісімшарттар бойынша ғылыми мекеменің тәжірибесін қолдау және сол арқылы тұқым шаруашылығы, өсімдіктердің гендік қорын қорғау және сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелер нарығын дамытуға ықпал ету қажет екенін түсіну барған сайын маңызды болып келеді. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері де осы мәселеге аса қызығушылық танытуда, солардың бірі өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша республикада табысқа жеткен Қостанай облысының аграршылар. Бүгінгі таңда А.И. Бараев атындағы АШҒӨО мақсатты аймақтың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен ынтымақтастық шекарасын кеңейтуде. Ұзаққа созылған 2 жылдық пандемия кезінде тоқтап қалған көптеген іскерлік байланыстарды қалпына келтіру керек және орталық ғалымдары бұл миссияны сәтті орындауда. Жақында орталық өкілдері, қарқынды және нақты егіншілік бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалардың ғылыми жетекшісі, талдау орталығының меңгерушісі Қунанбаев Қайрат және жетекші экономист Бекешев Бауыржан Қостанай облысының аграрлық ғылым өкілдері "Заречное АШТС" ЖШС басшысы Мулдатаев Рүстем және В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының ректоры Нұғманов Алмабекпен кездесті. Кездесу барысында олардың ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруының ғылыми жобаларына қатысуы келісілді. Тараптар жұмыстың осы бағытына өзара мүдделілігін растады.
Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бейсенбаевпен өңірдің фермерлерімен одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өте сындарлы түрде өтті. Орталық өкілдері алдыңғы қатарлы агротехнологияларды ғылыми сүйемелдеу және қолдануға кеңес беру қызметтерін, тауарлы астық пен жемшөптің сапасын бағалау қызметтерін, алқаптардың агрохимиялық картограммаларын жасай отырып, топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу, заманауи агротехнологияларға, оның ішінде нақты егіншілікке үйрету, апробациялық курстарын, өсімдік шаруашылығы бойынша біліктілікті арттыру семинарларын ұсынды.
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Баспасөз қызметі
465 -рет қаралды