Зиянкестер мен аурулардың таралуы және дақылдардың жағдайы бойынша оларға қарсы күрес шаралары


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы Астықшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында Zoom платформасында "Зиянкестер мен аурулардың таралуы. Дақылдардың жағдайы бойынша зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары" атты семинар өтті. Семинар 267 "Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасының 100" АӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Семинарда: өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісіа.ш.ғ.к.,Кочоров Абдумамат Сулейманович "Ауыл шаруашылығы дақылдарының инфекциялық аурулары. Зиянды және дәнді дақылдарды қауіпті аурулардан қорғау жүйесі", өсімдіктерді қорғау зертханасының ғылыми қызметкеріНелис Татьяна Борисовна "Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін таралуы. Ауыл шаруашылығы дақылдарындағы жәндіктердің зияндылығы және оларды анықтау әдістемесі. Ауылшаруашылық дақылдарын негізгі зиянкестерден қорғаудың кешенді жүйесі", өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.к., Тулеева Асия Кузаировна"Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау құралдары. Таңдау ерекшеліктері және оларды қолдану әдістері" тақырыбында баяндама жасады.Семинар жұмысына Ақмола облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің 29 өкілі қатысты. Өсімдіктерді қорғау тақырыбын талқылау барысында орталық ғалымдары химиялық өңдеудің уақтылығы және химиялық препараттарды дұрыс таңдау бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.


скачать dle 12.0
735 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх