Тұрғын үй кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Ағымдағы жылдың шілде айының басында Ақмола облысы Шортанды ауданының Мерей тұрғын алабындағы ғылыми қызметкерге арналған 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жұмыстары басталған болатын. Құрлыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер – «Альтаир-ПК 7» құрылыс компаниясы.

Кеңес Одағы тұсында салынып құрылысы аяқталмай қалған 5 қабатты үй ауыл орталығында қаңырап бос қалған соң маңайдың сәулеттік келбетін бұзып тұрғаны шындық. Міне біздің қуанышымызға орай, бүгін құрылыс алаңында жан бітіп, жұмыстар жүргізіле бастады. Ең алдымен жұмыс жүргізу мақсатында қоршау орнатылды, жұмысшылар құрылыс алаңын қоқыстан тазартты, құрылымдардықайта бекітті, қазір монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй кешенін қайта жаңғыртуға тапсырыс беруші «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ. Жоспар бойынша құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үй ғимаратының аумағында шағын сәулеттік келбетті балалар және спорт алаңын және автотұрақ орнатумен бірге аумақты ағаш пен өсімдіктер арқылы көгалдандыру жүргізу жоспарлануда.

Жұмыс кестесіне сәйкес нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі керек.

Кеше «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ Басқарма төрағасы Айтуғанов Қайрат Қапарұлы жұмыс сапарымен нысанды аралап, жүргізіліп жатқан монтаждау және әрлеу жұмыстарының барысын және жылыту жүйесінің газ цистернасын орнатылуын жұмыстарын көріп қайтты.

Қазіргі таңда жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде.

скачать dle 12.0
373 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх