1 қыркүйек, Білім күні


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Орталықтың 5 жас қызметкері жоғары оқу орнынан кейінгі білімін жалғастырады.

А.ИБараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында жыл сайын жас мамандардың үлес салмағы артып келеді. Аграрлық саладағы жас мамандардың қатарының молаюы көңілге қуаныш ұйалатары сөзсіз. Соңғы жылдары жастар ғылымға белсене араласуда және бұл үшін А.ИБараев атындағы АШҒӨО-нда оңтайлы әлеуметтік жағдайлар да жасалу үстінде. Жастар отбасын құрғанда, бала туғанда, оларға материалдық көмек көрсетілуде, тегін білім алуға мүмкіндік те жасалып ойылған. жергілікті кәсіподақ ұйымы арқылы санаторий билетінен өзге мал азығы дажеңілдетілген бағамен беріледі. Жеке шаруашылық учаскелері болған жағдайда жеңілдіктер беріледі. Қазіргі таңда 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.

Орталықта жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді, оның қатарын 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың PhD докторлары мен магистранттары толықтырды. Олар ірі астық орталығына жұмыс істеу ниетімен арнайы келді. Жас ғалымдар Орталықтың жетекші ғалымдары арасынан тәлімгерлердің қолдауымен ғылыми жобалар мен гранттарға белсене қатысып отыр. Сонымен қатар, олардың алыс және жақын шетелдердің мамандандырылған университеттерінде және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне жағдай жасалған. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алғысы келетіндерге мүмкіндік оқуға олардың жұмыс орыны мен жалақысын сақтай отырып беріледі Бұл мүмкіндікті биылғы жылы П.Столыпин атындағы Омск мемлекеттік университетінің магистратурасына түскен біздің қызметкерлер Жлоба Татьяна, Ткаченко Ольга, Васильева Виктория және Лебзак Злата пайдаланады. Сонымен қатар Саянов Айдос, Ижевск аграрлық университетінің аспирантурасына түсіп отыр.

скачать dle 12.0
483 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх