«А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС қызметкерлеріне Орталықтың жаңа басшылық құрамы таныстырылды
Жаңалықтар
Бүгін «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КЕАҚ Ғылым, инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма орынбасары. Бақылау кеңесінің төрағасы И. Т. Тоқбергенов «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ол Орталық ұжымына «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КЕАҚ-тың Директорлар кеңесі бекіткен АШҒӨО-ның жаңа басшылық құрамын таныстырды.
«А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма төрағасы болып Серекпаев Нұрлан Амангельдинович бекітілді. 1993 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – 36 жыл (басшылық қызметте 16 жыл).
Өсімдік шаруашылығы кафедрасында стажер-зерттеушіден ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессорына дейін өсті. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
Әр жылдары Агрономия факультетінің деканы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен 1 ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, 5 философия докторы (PhD), 10-нан астам ғылым магистрлері дайындалды.
Қазақ және орыс тілдеріндегі 19 оқулық пен оқу құралының, 8 оқу-әдістемелік басылымның авторы және бірлескен авторы. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми жұмыстары жарияланды, оның ішінде 10 патент, 3 монография, 12 ұсыныс.
«Академик А. И. Бараевқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен (2008), ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» (2013), «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» (2015), «ҚР БҒМ құрметті қызметкері» (2018). Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Басқарманың ғылым жөніндегі орынбасары болып ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Ғани Жасымбекұлы Стыбаев бекітілді.
2001 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл, оның 14 жылы басшылық қызметте. Өсімдік шаруашылығы кафедрасында тағылымгер-зерттеушіден профессорға дейінгі өсті.
2009-2020 жылдар аралығында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ агрономия факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Оның басшылығымен 1 PhD, сондай-ақ 15-тен астам ғылым магистрлері дайындалды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 90-нан астам жарияланым, оның ішінде 50 ғылыми және 17 оқу-әдістемелік (оқулықтар, оқу құралдары, Дипломдық, зертханалық-практикалық, курстық жұмыстарды жазу бойынша оқу-әдістемелік құралдар) басылымдар жарық көрді.
Басқарманың өндіріс жөніндегі орынбасары болып Елтай Хамитжанұлы бекітілді. Ол – ғалым агроном, экономист-ұйымдастырушы, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – 37 жыл, Саладағы жұмыс өтілі – 33 жыл. Агроном-экономисттен ҚР АШМ Фитосанитария РММ бас директорына дейін еңбек жолынан өтті.
Соңғы жылдары «Агроспец ҮЕҰ» ЖШС бас диреторының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ФАО-ның ("Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы") фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесшісі болды.
Кездесу барысында «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС ұжымының алдында тұрған бірқатар басым міндеттер бойынша мәселелер талқыланды. Жақында ҚР АШМ ПҚФ қатысу үшін ҒЗЖ негізгі бағыттары анықталды.
Кездесу барысында «А.Бараев атындағы НПЦЖ» ЖШС ұжымы алдында тұрған бірқатар басым міндеттер бойынша мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің БНҚ-ға қатысу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары анықталды.
977 -рет қаралды