Ғылымның рөлін күшейту


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жұмыс тобы болып қайтты. Орталықтың ғылыми, әкімшілік-шаруашылық қызметімен толығырақ танысу мақсатында Басқарма төрағасының орынбасарлары Қайрат Айтуғанов, Исмаил Тоқбергенов, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Нұрлан Серекпаев, Экономика факультетінің деканы Серік Айтхожин, Агрономия факультетінің деканы Ғани Стыбаев, Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы технологиялары деканы Сәрсенбай Абдрахманов және Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің деканы Фараби Ермеков келді.

Жұмыс бағдарламасы аясында олар қоғамдық музейге, ғылыми кітапханаға, ғылыми-зерттеу зертханаларына, селекциялық-биотехникалық кешенге, астық қоймасына және бірқатар әлеуметтік нысандарға барып, білім беру мақсатында пайдалануға болатын инфрақұрылыммен танысты. Сондай-ақ әріптестерге онлайн режимінде жұмыс істейтін нақты егіншілік полигонының басқару орталығы мен далалық тәжірибе алаңдары көрсетілді.

Жұмыс тобының жетекшісі Қайрат Айтуғанов Орталық қызметкерлерімен кездесуде ғылыми-зерттеу университетінің алдағы трансформациясы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуы үшін ғылымның рөлін күшейтуге қуатты серпін беруі керек екенін атап өтті. Осы орайда бұл істе А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның орны ерекше болмақ. Себебі Бараев орталығында ғылыми база, халықаралық деңгейде мойындалған академиялық негіз, ғылыми әзірлемелер және далалық стационарлары бар.

Кездесу соңында АШҒӨО басшысы Кенже Абдуллаев қызметкерлер бұл өзгерістер уақыт талабы екендігін түсінетінін және Орталық қазақстандық аграрлық ғылымды әлемдік қоғамдастықта дамытуда маңызды ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік орын алатынын жеткізді.скачать dle 12.0
875 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх