Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
Баршаңызды ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.
Аграрлық секторды ғылыми қамтамасыз ету әрқашанда еліміздің барлық агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың басым бағыттарының бірі болды және болып қала береді.
Жарты ғасырдан астам уақыт ерекше қызметі үшін әлемдік ғылыми қоғамдастыққа танымал болған Александр Иванович Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары ауыл шаруашылығы саласының дамуына орасан зор үлес қосты. Ал бүгінгі күні біздің қызмет пен мамандарымыз еліміздің фермерлерімен тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуды ықпалды түрде жалғастыруда.
Сіздерге осы бір айтулы мереке қарсаңында барлық жақсылықты, сәттілік пен алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жолында сарқылмас күш пен қайрат тілеймін!
Ізгі тілекпен, «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС
Басқарма төрағасы Қанафин Белгібай Камалұлы