Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні


Жаңалықтар
Құрметті достар, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.
Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Кенже Абдуллаев,
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик,
«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС бас директоры

скачать dle 12.0
12 329 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх