Ауылшаруашылық мамандарының басты мерекесі қарсаңында
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Жыл сайын республикамызда қарашаның үшінші жексенбісінде ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі.Әлемдік ғылыми қоғамдастықта танымал Александр Иванович Бараев атындағыАстық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары өздерінің жарты ғасырдан астам қызметі үшін ауылшаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты және бүгінгі таңда біздің қызметкерлер өздерінің инновациялық ғылыми әзірлемелерімен, жаңа перспективалы сорттардың селекциялық жаңалықтарымен, цифрлық агротехникалық технологияларды енгізу мен еліміздің аграршыларымен тығыз ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда.Кәсіби мереке қарсаңында орталықта мерекелік атмосфера болды.
Салтанатты іс-шарада ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін құттықтау сөз сөйлегеннен кейін бірқатар қызметкерлерге көтермелеу наградалары табыс етілді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің құрмет грамотасымен Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Марал Уралович Утебаев, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Журик Анна Леонидовна, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Құрмет грамоталарымен және алғысхаттарымен ЖШС механизатор, Жуманов Салық Сагитович және Щербаков Юрий Владимирович, автогараж жүргізушілері марапатталды.Мерекенің шарықтау шегі 2022 жылғы өндірістік жұмыстардың қорытындысы бойынша "Үздік механизатор", "Үздік авгорож жүргізушісі" "Астық қырманының үздік қызметкері", "Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің үздік қызметкері" атағына жарияланған конкурс жеңімпаздарының есімдерін жариялау болды.2022 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша "Үздік механизатор" номинациясында 1орын алған үшін 300 мың теңге сомасына Құрметті ақшалай сертификат Фитц Александр Эриховичке, 2 – орын үшін 250 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификат Сергей Петрович Дорошкевичке, 3-орын 250 мыңтеңге сомасына құрметті ақшалай сертификат Бавин Александр Александровичке табыс етілді.Келесі "Үздік автогараж сі жүргізуші" номинациясында 2022 жылғы өндірістік жұмыстардың қорытындысы бойынша 200 мың теңге сомасына ақшалай сертификат Абенов Болат Орынбаевичке, 2 орын үшін 150 мың теңге сомасына ақшалай сертификат - Щербаков Юрий Владимирович және 3 орын үшін 100 мыңтеңге сомасына ақшалай сертификат Скородумов Сергей Николаевичкет абыс етілді. 2022 жылғы өндірістік жұмыстардың қорытындысы бойынша "Астық қырманының үздік қызметкері" номинациясы бойынша 1-орын үшін 200 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификат Ваховский Александр Павловичке , 2 - орын үшін 150 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификат - Соболев Павел Сергеевичке, 3-орын үшін 100 мың теңгесомасына құрметті ақшалай сертификат Николаев Александр Алексеевичке табыс етілді."Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің үздік қызметкері" номинациясында 2022 жылғы өндірістік жұмыстардың қорытындысы бойынша 150 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификат Злыдень Леонид Николаевич алды.Содан кейін осы үлкен іс-шараға қатысушылар үшін Шортанды аудандық мәдениет үйінің, балалар музыка мектебінің, Балалар шығармашылығы үйінің, институттық орта мектептің шығармашылық қызметкерлерінің қолдауымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
718 -рет қаралды