Қазақстандық селекцияның патриархы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Бидайдың жаңа сортын ғылыми қауымдастық мойындаған және сорттық тізімге енгізілген күн селекционердің қиын жолындағы шың деп саналады.

Осы мақаланың кейіпкері, таңғажайып тағдырдың адамы – Валентин Петрович Кузьминда мұндай шыңдар 29 болды. Ғалым өз өмірінде көптеген жаңа сорттарды шығара алды. Сонымен қатар, ол Солтүстік Қазақстандағы селекциялық саланың негізін қалаушы.

Валентин Кузьмин 1893 жылы Ресейдің Саратов облысында үлкен шаруа отбасында дүниеге келді. Уездік училищені алтын медальмен бітіріп, Санкт-Петербург ауылшаруашылық институтына түсті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс оқуын тоқтатты. Майданнан жігіт жарақат алып, демобилизацияланды, бірақ көп ұзамай ол генерал Колчактың армиясына қайтадан шақырылды. Ол жерден ол өз еркімен Қызыл Армияға өтті, бірақ қысқа уақыт болса да, "ақ" әскер қатарында болуы факт ретінде танылып, Кеңес өкіметі жаза тағайындады.

Бұған дейін Кузьмин Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды. Белгілі ғалымдар Н. Вавилов және В. Писаревпен жұмыс істеді. Моңғолияға ғылыми экспедиция жасады.

Азаматтық соғыс кезінде Ресейде еркін жүріп жұмыс істеуге кедергі келтірді. Бірақ ғалымдар тобы тапсырманы орындады. Осыайша мәдени өсімдіктердің мыңдаған үлгілерін жинады.

Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтынындағы жұмысы 1927 жылдан 1935 жылға дейін созылды. Содан кейін ғалым бұрынғы Колчак армиясының офицері ретінде репрессия алаңына түсті. Ол тұтқындалып, онымен оның болашақ тағдыры байланысты болатын Қазақстанға жер аударылды,

1936 жылы қазіргі Ақмола облысының Шортанды ауылында тұңғыш рет қазақ даласында сатық сортын сынау станциясы ашылды. Осылайша селекционер ғалым Шортандыға келіп жұмысқа орналасты. Қарқынды іздеудің арқасында ол украиналық күздік бидайы мен канадалық сорттарды будандастырып жаңа астық тұқымын жасап шығарды. Нәтижесінде қазіргі таңда белгілі қазақстандық "акмолинка 1" бидай пайда болды. Сорт ұзақ уақыт бойы өнімділігі мен басқа көрсеткіштері бойынша теңдесі жоқ тұқым болды. Түрлі деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша "ақмолинка 1" 3,5 млн гектарға дейін себілген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары ғалым әкелген дақылдардың арқасында мыңдаған адамдар аштықтан аман қалды деп айтсақ болар еді. Акмолинка 1-ден басқа, "шортандинка" және  "пиротрикс 28"сорттары ұзақ уақыт бойы өнімділік жағдайы бойынша рекордтық деңгейде қала берді.

Валентин Кузьмин талдау және будандастыру әдісімен күздік қара бидай, тары, қарақұмық, арпа, асбұршақ, күнбағыс, зығыр, қарасора, картоп, жоңышқаның жаңа сорттарын жасап шығарып өсірген адамн. Бүгінгі таңда осы сорттар елімездің барлық өңірлерінде еркін қсіріліп келеді. Ол шығарған "тың өлкесіндегі дақылдардың селекциясы және тұқым шаруашылығы" монографиясы көптеген ғалымдар мен практиктердің жұмыс үстелінде әлі күнге дейін құнды құжат ретінде табылды.

Ғалым дала аймақтары үшін практикалық селекцияның теориялық негізін қалады, КСРО-дағы алғашқы сорттарды, дақылдарды және сорттық сынақтарды бағалаудың бірыңғай әдістемесін жасап, тәжірибеге енгізді. Осылайша әлемдік тәжірибені зерттеді. Ол Ленин орденімен және "Орақ пен балға" медалімен, Сталиндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ғылым докторы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі атанды.

Ұзақ жылдар бойы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жұмысының селекциялық бағытын басқарды. Валентин Кузьмин зейнетке шыққаннан кейін жеке бақшасының шекарасында егін себуді, будандастыруды, тәжірибе жасауды жалғастырды Алынған нәтижелерді жұмыс істейтін әріптестерімен бөлісті. Ол өз ісіне адал болып, соңғы күндеріне дейін осы тұқым шығару жұмысымен айналысты.

Отандық селекция патриархының өмірбаянынан таңқаларлық факт: Мемлекеттік сыйлық алғаннан кейін ол барлық қаражатын өзі тұрған Дамса ауылында жаңа мектеп салуға берді. Валентин Петрович өз жинақтарын материалдық көмек ретінде жібергеннен кейін, бейтаныс адамдардан және тіпті ұйымдардан алғыс сөздер жазылған хаттар сақталған. Научный ауылындағы мектеп пен көше осы адамның есімімен аталады. Ол 1973 жылы өмірден өтті, жергілікті зиратқа жерленді.

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ғимаратында 29 сорттың авторына арналған тақта бар. Онда: "Мұнда Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялаудың негізін қалаушы, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Кузьмин Валентин Петрович жұмыс істеді"деген жазу бар.

Қазақстанда оның қосқан үлесін еске алып, бағалайды. Селекцияның негізін қалаушы ретінде өзінің бастаған ісін жалғастырып келе жатқан ондаған ізбасарларының, қазақстандық ғалым-селекционерлердің ынтасын оятты.

Рысбек Жантыкеев

Казахстанская правда»16 мамыр 2022 ж.


ТӨМЕНДЕ МҰРАҒАТТАН АЛЫНҒАН БЕЙНЕ МАТЕРИЯЛ 1

ТӨМЕНДЕ МҰРАҒАТТАН АЛЫНҒАН БЕЙНЕ МАТЕРИЯЛ 2


скачать dle 12.0
1 347 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх