А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығы Научный кентінің оқушыларын Балаларды қорғау күні мерекесіне орай сыйлықтармен қуантты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  Жыл сайын А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығы Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне Дамса ауылдық округінің мектептеріне мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері үшін балалардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларын өткізуге қолдау көрсетеді.

  Биылғы жылы Институт орта мектебінің оқушылары орталық басшылығы өздерінің басты мерекесіне орай берген балалар сыйлықтары мен тәтті сыйлықтарына тағы да қуанды. Мектептің, ауылдың,ауданның және облыстың оқу саласы және қоғамдық өмірінде ерекше көзге түскен оқушыларға арнайы сыйлықтар-құлаққаптар мен Құрмет грамоталары берілді.

  Биылғы жылы Балаларды қорғау күні мектептердегі соңғы қоңыраулармен тұспа-тұс келді,табиғатта көңілді ойындармен,балалар лагерлерімен және туыстары мен жақындарының ортасында толыққанды демалыспен жаздың басталуын атап өтетін ерекше мереке болды.

скачать dle 12.0
410 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх