А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның вакансиялары


Бос жұмыс орны




Вакансиялар туралы хабарландыру!


А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың басшыларының, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Орналасқан жері: «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС: Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды-1 (Научный кенті) Бараев көшесі 15, телефон 8-71631-23029

Қосымша ақпарат сұрауға немесе түйіндемені келесi мекен-жайға жіберуге болады: tsenter-zerna@mail.ru

Құжаттар қабылдаудың басталуы 2021 жылғы 15 ақпан сағат 9: 00.

Құжаттар қабылдаудың аяқталуы 2021 жылғы 23 ақпан сағат 18:00.

Қарау және шешім қабылдау күні 2021 жылғы 24 ақпаннан 26 ақпанға дейін.


Конкурсқа келесі лауазымдар қатысады:

Ғылыми блок:

  • Егіншілік бөлімінің меңгерушісі;
  • Жарма, дәнді-бұршақты дәнді-жем және майлы дақылдар селекциясы бөлімінің меңгерушісі;
  • Өсімдік шаруашылығы өнімі мен топырақ сапасының аналитикалық бөлімінің меңгерушісі;
  • Көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі;
  • Бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі;

Талаптар:Ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері, кемінде 5 жыл ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі.

  • Ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі;
  • Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және егістік дақылдарының агротехникасы зертханасының меңгерушісі;
  • Бейімді және агроландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушісі;
  • Өсімдік қорғау зертханасының меңгерушісі;
  • Нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі;
  • Топырақ өңдеу зертханасының меңгерушісі;
  • Интенсивті типтің жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі;
  • Жаздық қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі;
  • Өсімдіктің ауруларға иммунитеті зертханасының меңгерушісі;
  • Астық дақылдарының генетикалық ресурстары зертханасының меңгерушісі;
  • Жарма және дәнді жем дақылдары зертханасының меңгерушісі;
  • Дәндібұршақты және майлы дақылдар селекциясы зертханасының меңгерушісі;
  • Көпжылдық шөптер гендікқоры зертханасының меңгерушісі;
  • Көпжылдық астық тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының меңгерушісі;
  • Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының меңгерушісі;
  • Микробиология зертханасының меңгерушісі;
  • Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі;
  • А/ш дақылдар сапасының технологиялық бағасы мен биохимия зертханасының меңгерушісі;
  • Агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі;

Талаптар: Ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі. 3 жылға дейінгі мерзімге тиісті білім саласындағы ғылыми біліктілігі жоғары, сәйкес жұмыс тәжірибесі бар мамандар тағайындалуы мүмкін.

  • Бейімді және агроландшафттық технологиялар зертханасыныңжетекші ғылыми қызметкері;

Талаптар: Ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға берілген дипломдарының және өнертабысқа берілген авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелерінің болуы.

  • Жаздық бидайдың алғашқы тұқым өсірушілік тобының аға ғылыми қызметкерi;
  • Жарма дәнді-бұршақты дәнді-жемді және майлы дақылдардың алғашқы тұқым шаруашылығы тобының аға ғылыми қызметкерi;
  • Көпжылдық шөптердің алғашқы тұқым өсірушілігі тобының аға ғылыми қызметкерi;
  • Ауыспалы егістер зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және егістік дақылдары зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Бейімді және агроландшафты технологиялары зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Өсімдік қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Интенсивті типтің жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (2 бірлік);
  • Астық дақылдарының генетикалық ресурстары зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Жарма және дәнді жем дақылдары зертханасының аға ғылыми қызметкері (2 бірлік);
  • Дәндібұршақты және майлы дақылдар селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Көпжылдық астық тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Микробиологиязертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Агрохимия және тыңайтқыш зертханасының аға ғылыми қызметкері;

Талаптар: Ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға берілген дипломдарының және өнертабысқа берілген авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелерінің болуы.

  • Ғылыми қызметкерлер (21 бірлік);

Талаптар: Жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өнертабысқа немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктер;

  • Кіші ғылыми қызметкерлер (17 бірлік);

Талаптар: Жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.


Өндірістік блок:

  • Бас агроном;

Талаптар: Жоғары кәсіби агрономиялық білім, 3 жылдан кем емес агрономиялық жұмыс өтілі. Мүмкіндігінше ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы. Нақты егіншілік және қарқынды егіншілік жүйесін білуі керек. АНТ жүйесінде жұмыс істей білу. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық процестерін, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты нұсқаулықтар мен басқа да басшылық материалдарды, ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясын, өсімдік шаруашылығы саласындағы озық отандық және шетелдік кәсіпорындардың тәжірибесін, экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды; нормалау негіздері, еңбекке ақы төлеу жүйелері, өсімдік шаруашылығы өніміне қолданыстағы стандарттар, жер және еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау қағидаларын білу.

  • Тұқым өсірушілік бөлімінің меңгерушісі;

Талаптар: Жоғары, агрономиялық білім. Басшылыққа алынатын материалдарды, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қаулыларды, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және т.б. тұқым шаруашылығы саласындағы басшылыққа алынатын материалдарды, сорттық тұқымдардың стандарттары мен бағаларын, тұқымдардың егістік сапасын байқаудан өткізу және бағалау әдістерін; агротехниканы, тұқымдардың сапасын жақсартудың тәсілдері мен әдістерін, тұқымдарды өндіру және өңдеу технологиясын, жер және еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу.

  • Ток меңгерушісі;

Талаптар: Жоғары білім және тоқ (қойма) меңгерушісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл

  • Агроном-тұқымшы;
  • Агроном-тұқымшы (далалық тәжірибелер салу бойынша);

Талаптар: Жоғары, агрономиялық білім. Тұқым шаруашылығы саласындағы нұсқаулықтар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдарды, сорттық тұқымдардың стандарттары мен бағаларын, тұқымдардың егістік сапасын байқаудан өткізу және бағалау әдістерін; агротехниканы, тұқым сапасын жақсарту тәсілдері мен әдістерін, тұқымдарды өндіру және өңдеу технологиясын, жер және еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білу.

  • Аға тұқым өсіруші агроном;

Талаптар: Жоғары, агрономиялық білім. Басшылыққа алынатын материалдарды, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қаулыларды, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және т.б. тұқым шаруашылығы саласындағы басшылыққа алынатын материалдарды, сорттық тұқымдардың стандарттары мен бағаларын, тұқымдардың егістік сапасын байқаудан өткізу және бағалау әдістерін; агротехниканы, тұқымдардың сапасын жақсартудың тәсілдері мен әдістерін, тұқымдарды өндіру және өңдеу технологиясын, жер және еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу.

  • Аға тұқым өсіруші агроном;

Талаптар: Жоғары, агрономиялық білім. Басшылыққа алатын материалдарды, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қаулыларды, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және басқа да тұқым шаруашылығы саласындағы басшылыққа алынатын материалдарды, сорттық тұқымдардың стандарттары мен бағаларын, тұқымдардың егістік сапасын байқаудан өткізу және бағалау әдістерін; агротехниканы, тұқымдардың сапасын жақсартудың тәсілдері мен әдістерін, тұқымдарды өндіру және өңдеу технологиясын, жер және еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу.

  • Есеп бойынша техник-маман;

Талаптар: Жоғары немесе орта кәсіби білім. Басшылыққа алынатын материалдарды, жоғары тұрған ұйымдардың қаулыларын, астықты жедел есепке алуды жүргізу ережесі мен тәртібін, бастапқы құжаттаманың нысанын білу, жұмыс уақытын, өндіруді есепке алу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыстығын және уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өніміне қойылатын талаптар, оны өндіру технологиясы, жұмыстардың нормалары мен бағалары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары.

  • Бас инженер;

Талаптар: Жоғары кәсіптік (техникалық) білім. Мамандығы бойынша маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын; жабдықты монтаждау, реттеу және баптау әдістерін; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздерін; жабдыққа арналған паспорттарды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомостерін, ерекшеліктерді және басқа да техникалық құжаттаманы құрастыру тәртібін; жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидаларын; майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды білу; жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары; ұйымдағы жөндеу қызметін көрсетудің озық және отандық және шетелдік тәжірибесі; ҚР Еңбек кодексі; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу.

  • Егіс бригадасының бригадирі;

Талаптар: Орта кәсіптік білім. Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар бастауыш кәсіптік білім не жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Тіркемелі ауыл шаруашылығы құралдарымен және құрылғыларымен жұмыс жүргізу қағидаларын, трактордың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою тәсілдерін, қызмет көрсетілетін қозғалтқыштың қуатын және тіркемелі ауыл шаруашылығы құралдарының шекті жүктемесін, орындалған жұмыстарға тапсыру құжаттарын қабылдауды ресімдеу тәртібін білу.

  • Есеп бойынша бухгалтер;

Талаптар: Жұмыс өтіліне талап қойылмаған жоғары кәсіптік білім немесе орта кәсіптік білім.

  • Автогараж меңгерушісі;

Талаптар: Жоғары білім. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, автокөлік құралдарын пайдалану деректері мен техникалық пайдалану ережелерін, құрылымын, мақсатын, конструкциялық ерекшеліктерін, техникасын білу; есепке алуды жүргізу және белгіленген есептілікті жасау тәртібін білу; жол қозғалысы ережелерін білу; ҚР Еңбек кодексі, ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өртке қарсы қорғау ережелері

  • Механик;

Талаптар: Орта кәсіптік білім. Жұмыс тәжірибесі мен өтіні 3 жылдан кем емес.

  • Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы;

Талаптар: Жоғары кәсіби білім. Жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе орта-кәсіптік білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Кәсіпорынның техникалық қамтамасыз етілуіне, шаруашылық қызметіне және еңбек қауіпсіздігіне, кәсіпорынның құрылымына және даму перспективаларына қатысты жоғары органдардың нормативтік құжаттары.

  • Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі аға инженері;

Талаптар: Жоғары білім және басқа да еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экология мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар, кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже, кәсіпорын өнімін өндірудің негізгі технологиялық процестері, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу әдістері, еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі, экологиялық стандарттар мен нормативтер жүйесі, машиналар мен жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері, кәсіпорында қолданылатын еңбекті қорғау жөніндегі насихат пен ақпараттың әдістері мен нысандары,, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері, ҚР Еңбек кодексі.

  • Жылу-кәріз желілерін қамтамасыз ету жөніндегі аға қызметкері;

Талаптар: Орта білім. Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға, қазандық жабдықтарының қауіпсіз жұмысына қатысты ҚР нормативтік және құқықтық актілерін, қазандық жабдықтарының техникалық сипаттамаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидаларын білу.

  • Техникалық қадағалау және құрылыс жөніндегі инспекторы;

Талаптар: Орта кәсіптік (инженерлік-техникалық) білім. ҚР Еңбек кодексі, жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері, материалдардың түрлері, жұмыстарды жүргізу кезінде аспаптардың, айлабұйымдардың, машиналар мен механизмдер мен жабдықтардың белгіленуі мен құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары, құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік техникасы қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары.

  • Техникалық қадағалау және құрылыс жөніндегі инспекторы;

Талаптар: Орта кәсіптік (инженерлік-техникалық) білім. ҚР Еңбек кодексі, жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері, материалдардың түрлері, жұмыстарды жүргізу кезінде аспаптардың, айлабұйымдардың, машиналар мен механизмдер мен жабдықтардың белгіленуі мен құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары, құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік техникасы қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары.

  • ТМҚ меңгерушісі;

Талаптар: Жоғары білім. Қойма меңгерушісі лауазымындағы жұмыс тәжірибесі мен өтілі кемінде 2 жыл немесе орта (толық) жалпы білімі және лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Білуге тиіс: қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік ұсынымдар; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған стандарттар мен техникалық шарттар; тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, мөлшерлері, маркалары, сорттылығы және т. б. сапалық сипаттамалары және оларды жұмсау нормалары; тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау қағидалары мен тәртібі, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар; жүктерді тасымалдауға және сақтауға, қойма үй-жайлары мен жабдықтарды жалға алуға арналған шарттардың; ҚР Еңбек кодексі, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары.

  • IT инженер;
  • Жүйелік әкімші;

Талаптар: Жүйелік әкімші лауазымына бейінді кәсіптік білімі, дербес компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәжірибесі бар, жергілікті желілердің негіздерін (TCP/IP хаттамаларының стегі, желілік жабдық, жергілікті есептеу желілерін құру қағидаттары) білетін адам тағайындалады.

  • Қауіпсіздік қызметінің бастығы;

Талаптар: Жоғары білімді жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.


Әкімшілік-басқару блогы:

  • Бас бухгалтердің орынбасары;

Талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

  • Материалдық үстелдің бухгалтері;
  • Өндіріс, есепке алу және өткізу бойынша бухгалтер;
  • Ұзақ мерзімді активтер мен аванстық есептер бойынша бухгалтер;
  • Жалақы есептеу жөніндегі бухгалтер;

Талаптар: Бухгалтер лауазымына жұмыс өтіліне талап қойылмаған жоғары кәсіптік білім немесе орта кәсіптік білім.

  • Бас экономист;

Талаптар: Жоғары білім және экономикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасы, кәсіпорынның құрылымы мен штаттары, оның бейіні, мамандануы және даму перспективалары; жоспарлау және бюджеттеу бойынша басшылық және нормативтік материалдар; қаржы-шаруашылық қызметтің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібі; кірістер мен шығыстар бюджеттерін, қаржы бюджетін қалыптастыру тәртібі; орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сметаларды, жұмыстарды тапсыру және қабылдау актілерін жасау тәртібі; еңбекақы төлеу мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер, материалдар; есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдары, компьютер; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

  • Экономист;

Талаптар: Жоғары кәсіби (экономикалық) білім. Қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес; ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, кәсіпорынның құрылымы мен штаттары, оның бейіні, мамандануы және даму перспективалары; жоспарлау және бюджеттеу жөніндегі басшылық және нормативтік материалдар; қаржы-шаруашылық қызметтің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібі; кірістер мен шығыстар бюджеттерін, қаржы бюджетін қалыптастыру тәртібі; орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сметаларды, жұмыстарды тапсыру және қабылдау актілерін жасау тәртібі; еңбекақы төлеу мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер, материалдар; есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдары, компьютер; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

  • Экономикалық зерттеулер және коммерцияландыру жөніндегі бас маманы;

Талаптар: Жоғары кәсіптік білімді, жұмыс өтіліне талап қойылмайды және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өтеді.

  • Мемлекеттік сатып алу бойынша бас маманы;
  • Мемлекеттік сатып алу бойынша аға маманы;

Талаптар: Жоғары кәсіби (заңгерлік) білім. Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын; кәсіпорынның құрылымы мен штатын, оның бейінін; мамандануы мен даму перспективаларын; мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын; өнім берушілермен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлермен шарттардың дұрыс жасалуын; конкурстардың қорытындылары туралы хаттаманың жасалуын; компьютерлік бағдарламаларды білу және меңгеруін білу.

  • Құқықтық кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімінің бастығы;

Талаптар: Жоғары заңгерлік немесе техникалық білім, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. ЖШС өндірістік қызметін реттейтін ҚР заңнамалық құқықтық актілері, ҚР Еңбек кодексі, ЖШС құқықтық қызметі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар, әдістемелік және нормативтік материалдар.

  • Кадрлар жөніндегі аға маманы;

Талаптар: Кадрлар жөніндегі аға маман лауазымына жұмыс өтіліне талап қоймастан орта кәсіптік білімі бар немесе бастапқы кәсіптік білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы бар тұлға қабылданады.

  • Заңгер;

Талаптар: Жоғары кәсіби (заңгерлік) білім. Еңбек өтіліне ұсынусыз. ЖШС өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін ҚР заңнамалық құқықтық актілері, нормативтік құқықтық құжаттар, ЖШС Құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, ЖШС шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібі, шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі, заманауи ақпараттың технологияларды пайдаланып құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есептеу және жүргізу тәртібі, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері, есептеу техникасының құралдары, коммуникация және байланыс құралдары, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

  • Баспасөз хатшысы;

Талаптар: Филологиялық білім беру, ғаламтор-ресурстары арқылы мақалаларды жариялау дағдылары.



Конкурс қатысушыларына қойлатын талаптар:

Ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу конкурсына «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

Лауазымдарға орналасу конкурсына тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша танылған жетістіктері бар мамандар жіберіледі. Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысатын үміткерлер «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма төрағасының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

Өтінішке келесi құжаттар қоса беріледі:

1.кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын (бөгде ұйымдардың қатысушылары береді);

  1. өмірбаяны;
  2. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
  5. бос лауазымдарға орналасуға 3 жылға арналған жұмыс жоспарының тұсаукесері (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес), оның ішінде жеке даму жоспарының перспективалық таныстырылымы (5 слайдқа дейін);

7.бос лауазымдарға орналасуға қатысушылар үшін перспективалық жұмыс жоспары (бөлім меңгерушілері, зертхана меңгерушілері, аға ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, кіші ғылыми қызметкерлер, бас агроном, бас инженер, инфрақұрылым бөлімінің бастығы, жүйелік әкімші, тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, тұқым өсіруші агроном, бас бухгалтердің орынбасары, бухгалтерлер, бас экономист, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маман, экономикалық зерттеулер және коммерцияландыру жөніндегі бас маман, экономикалық зерттеулер және коммерцияландыру жөніндегі, құқықтық кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімінің бастығы, баспасөз хатшысы, заңгер).


Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

скачать dle 12.0
937 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх