Жас ғалымдарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді


Жаңалықтар
15 наурызда А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да Академик Мехлис Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Жас ғалымдардың АӨК-тің инновациялық технологияларына қосқан үлесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция секциялары:

1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы
2. Егін шаруашылығы
3. Агрохимия және топырақтану
4. Биотехнология
5. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикасы және механикаландыру.

Конференция барысында инновациялық технологияларды жасау, өндіріске енгізу және ары қарай таратуға байланысты мәселелер төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынады. Іс-шара аясында жас ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырады. Сол сияқты конференцияда ғылыми жетістіктерді өндіріске бейімдеу және ғылым мен агробизнес арасындағы әріптестік талқыланады.

Толық мәліметті ұйымдастыру комитетінен білуге болады, мекен-жайы: А.И.Бараев атындағы АШҒӨО, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараев 15 көшесі. E-mail: tsenter-zerna@mail.ru Тел. +7 (71631) 23116; +7 (71631) 23029, +7 705 1023209. Жауапты адам: Гонтаренко Татьяна Викторовна.
скачать dle 12.0
1 311 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх