АШҒӨО техникалары қысқы маусымда сақтауға қойылды


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы техникаларын қысқы мерзімде сақтауға дайындық толығымен аяқталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АШҒӨО-ның маусымдық жұмыстарды жүргізетін ауыл шаруашылығы техникалары қыс мезгілінде ашық аспан астында тұрып, күн, жел, қар мен аяздың әсерінен зақым келуіне жол бермес үшін қалқан тұрғызу және аумақты қоршау жұмыстары жүріп жатқан болатын. Орталықтың техникасы арнайы орын болмағандықтан, қырман аумағында сақталып келді. Енді бағасы қымбат ауыл шаруашылығы техникасы құралдарына еш қауіп жоқ. Олар жөнделіп, майланып, тиісті бөлшектерінен ажыратылып, қалқан астына қойылды. Айта кетейік, калқанның ұзындығы 78 метр, ені 12 метр, биіктігі 6 метр.
скачать dle 12.0
964 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх