Стела жаңартылды
Жаңалықтар
Биіктігі 9 метр болатын стеланың басында орталық логотипі тұр.
Бүгін А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО стеласы жаңартылды. Биіктігі 9 метр болатын стеланың басында орталық логотипі тұр. Орталықтың фирмалық нышаны тың игеру уақытынан бастап тарихи ретроспективасы бар негізгі миссиясын бейнелейді.
Нышанның орта тұсында ауыл шаруашылығы өндірісінің болмысына сәйкес үнемі жетілдіріліп отыратын егіншіліктің ресурс үнемдеуші жүйесінің белгісі ретіндегі қазіргі уақыттағы графикалық бейне – нақты егіншілік жүйесі тұр. Егістіктің контрасты түстері өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жөніндегі орталықтың ғылыми-практикалық жетістіктерін көрсетеді. Егін алқаптары бидай масақтарымен жиектелген, бұл ҒӨО қызметінің тағы бір бағыты – ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын білдіреді.
Қазақстан селекцияциясының тарихы институт қабырғасынан бастау алады. Соғыс жылдары жергілікті ғалымдар жаздық қатты бидай сорттарын шығару арқылы адамдар аштыққа ұшырамаған. Одан бері бараевтық селекционерлер ауыл шаруашылығы дақылдарының 160-тан астам сортын шығарды. Қазіргі уақытта МСС-ға дәнді, жемдік, майлы, бұршақты және жемдік дақылдардың 20 сорты сынауға берілген.
930 -рет қаралды