Ғалымдардың жетістіктеріне патент алынды
Жаңалықтар
"А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС ғалымдарының еңбегі жемісін берді. АШҒӨО ғалымдары 2019 жылы шөптер бойынша, пайдалы модель және өнертабысқа патенттер алды.
Патенттер "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-ның зияткерлік меншігі, қызметкерлердің ғылыми жұмысының нәтижесі болып табылады. Патент - жаңашылдыққа, ерекшелікке, біртектілік пен тұрақтылыққа ие селекциялық жетістік.
Ғылыми жұмыс нәтижелерін пайдалану - жаңа сұрыптар мен жаңа технологияларды игеру мен енгізудің ғылыми-өндірістік циклын іске асыру болып табылады.
Атап айтқанда, Орталық келесідей шөптер бойынша селекциялық жетістіктерге патент алды: "Коралл" құмдауыт эспарцеті, "Фермерский" қылтықсыз арпабасы , "Бриз" сұр бидайығы , "Ақ таң" түйежоңышқасы, "Ника" судандық шөбі, сондай-ақ астық, бұршақ және майлы дақылдар - "Думан" жаздық сұлысы, "Өріс" егістік бұршағы, "Өсіріс" жаздық рапсы; пайдалы модельге патенттер - "Азот тыңайтқышын енгізе отырып жаздық бидайды өсірудің әдісі",
"Азот тыңайтқышын енгізе отырып майлы зығырды өсірудің әдісі", өнертабыстарға патенттер - "Өнімді ауыспалы егістерде майлы зығырды өсірудің әдісі", "Өнімді ауыспалы егістерде жаздық сұлыны өсірудің әдісі".
1 163 -рет қаралды