Агрономдар А. И. Бараев атындағы АШҒӨО егіс алқаптарында


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да егіс алдындағы топырақты дайындау жұмыстары жалғасуда. Топырақты өңдеу бойынша ұсыныстарды сақтау мен ауа райының қалыптасқан жағдайына және ылғалды сақтау проблемаларына байланысты жұмыстарды уақтылы өткізу маңызды. Сол себепті күн сайын бас агроном Нартай Әшірбайұлы Қалдығозов тұқым өсіруші агрономдармен және нақты егіншілік полигонының агрономы - Тасболатов Жанатпен мониторинг пен жұмыс жоспарын жүргізіп келеді.

Тәжірибелі агрономдар мен заманауи өндірістік техника агротехниканың барлық талаптарын сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, себу алдындағы өңдеу кезінде механизатор Ганзиев Александр "Джон Дир" тракторы мен Amazone Катростың тіркеме дискілі тырмасы бар кешенде жоғары өнімділік пен өңдеу сапасын көрсетуде.

Суретте бас агроном Қалдығозов Нартай Әшірбайұлы, механизатор Ганзиев Александр, агрономдар Тасболатов Жанат пен Вольф Сергей.
скачать dle 12.0
755 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх