2020 жылғы көктемнің ерекшеліктері
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанның құрғақ даласы жағдайында тұрақты өнім алудың негізгі шектеуші факторы - ылғал, оның жиналуы атмосфералық жауын-шашын есебінен болады. Жыл ішінде аймақтың табиғи-климаттық аймақтары бойынша орташа есеппен 190-360 мм жауын-шашын түседі, оның 40%-ы күзгі-қысқы кезеңде болады, яғни ол топырақтағы ылғал қорын толықтырудың негізгі көзі.
Биылғы ауыл шаруашылығы жылының басты ерекшелігі – 2019 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін түскен жауын-шашын мол түсуі. Шортанды метеорологиялық постының бақылаулары бойынша олар 245,0 мм құрады, айта кетейік орташа көпжылдық норма - 124,0 мм еді.
Топырақтың метрлі қабатындағы өнімді ылғал қоры қыс басталмай тұрып сүдігер бойынша 36,0 мм, орылған егістік бойынша 32,0 мм және пар бойынша 95,0 мм құрады. Бұл қалыптасқан норма сәйкес. Наурыз айының бірінші онкүндігінде қар жамылғысының жай-күйіне жасалған мониторинг қар биіктігі әр түрлі фонда бірдей екенін және 50-60 см болғанын көрсетті.
Биылғы ауыл шаруашылығы жылының ерекшелігі - топырақтың кішкене қатуы. Сәуір айының көрсеткіші бойынша күндізгі уақытта ауаның орташа оң температурасы түндегі суықпен алмасып отыр, нәтижесінде қар баяу еріп, су топыраққа жақсы сіңіп жатыр.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің негізгі стратегиялық міндеті - егін егу кезінде ылғалды сақтау және оны тиімді пайдалану мәселесі. Ылғалдың өнімсіз жоғалуын болдырмау үшін ұсынылған агротехникалық іс-шараларды дер кезінде жүргізу қажет: ылғалды сақтау, сүдігер өңдеу бойынша фондарды түзеу. Топырақтағы ылғал қорының деңгейі минералдық тыңайтқыштардың тиімділігіне, себу мерзіміне, ауыспалы егіс дақылдарын іріктеуге әсер ететінін есте сақтау қажет.
2020 жылы Ақмола облысындағы көктемгі-егіс жұмыстары бойынша ұсыныстар: https://baraev.kz/recomendaciya/recomendaiya_proizvodstva/1339-rekomendacii-po-vpr-npczh-2020.html
1 143 -рет қаралды