Қар тоқтату-бидайдың мол түсімінің кепілі


Жаңалықтар
Қар тоқтату әдісі – топырақта ылғалдың біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын агротехникалық шара.
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ауыл шаруашылығы дақылдарының болашақ түсіміне қазірден дайындықты бастап кетті. Орталықта агротехникалық жұмыстарды жүргізу үшін бұрыннан бар екі КА-700 тракторына жаңадан екі КА-744 тракторы қосылды.

Тәуекелді егіншілік жағдайында барлық жауын-шашынның сақталуы мен оның ұтымды пайдаланылуы ерекше мәнге ие. Сондықтан да бұл шара топырақтың агрофизикалық қасиеттерін жақсарту, қар тоқтату жолымен ылғалды толық жинау және сақтау арқылы шешіледі.

Қар тоқтату-қысқы жауын-шашын есебінен топырақта ылғал жинауда маңызды. Далада қар тоқтату жұмыстарын жүргізу кезінде диқандарға уақыттан ұтылмағаны жөн. Қар тоқтату қар жамылғысының тереңдігі 12-15 см кем емес болған кезде желсіз ауа райында жүргізіледі. Қар үйінділері желдің бағытына көлденең орналасуы тиіс. Солтүстік өңірлерді құрғақшылық жайлаған жылдары қар жаууының көмегімен қар жамылғысының қуатын 2,0-2,5 есе арттыруға болады, қар суын 55,0-70,0 мм дейін толықтыруды қамтамасыз ете отырып, қар тоқтатпаған стернаға қарағанда жаздық бидайдың көлемін 2,0-3,5-5,0-7,0 ц/га-ға арттыруға болады.

Қыста қар тоқтатуды тиімді реттеу үшін жекелеген алқаптардағы қар жамылғысының биіктігіне, топырақ температурасына, оның қату тереңдігі мен ылғалдылығына жүйелі бақылау жүргізу қажет. Бүгінгі таңда бараевтық диқандар осы бағытта тынымсыз еңбек атқарып жатыр.

ФОТОРЕПОРТАЖ:
http://baraev.kz/media/suret/477скачать dle 12.0
3 405 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх