Қазақстандық "Дамсинская 90" жаздық қатты бидай сорты Ресейде өсіріледі
Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: С.Е. Давыдов, Н.А. Логунов, В.Ф.Тришневская, Р.М. Сүлейменова, Л.А. Троицкая, Г.П. Герлинский.
Сорт Гибрид 491хАлмаз гибридтік жиынтығынан жеке сұрыптау жүргізу арқылы алынған. Леукурум түршесіне жатады. 1000 дәннің салмағы құрғақшылық жылдары — 35-42 г, ал жауын-шашынды жылдары 45-62,0 г болады. Сабағының ұзындығы орташа (90-105 см), нығыздалуы әлсіз, масақтар түбінде толық нығыздалады, жапырақтары сәл салбыраңқы, бойы тік болады.
Көктеп шыққаннан бастап, толық пісіп-жетілгенге дейінгі өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы — 85-90 күн.
Иілгіш келеді, сынбайды, мол өнім беруге қабілетті. Жауын-шашын мол, сондай-ақ, минералдармен жақсы қоректендірген жағдайда, орта кеш мерзімде пісетін сорттар қатарына енеді.
Тозаңды қаракүйеге, құба және сабақ зеңдеріне төзімді. Сабаққа жасырынғыш зиянкестерге төзімділігі жаппай орташа деңгейде болады. Байқау мақсатындағы сорт сынағы кезінде өнімділігі Безенчукский 139 стандартты сортынан 3,6 ц/га көрсеткішке артық болды. Мөлдірлік көрсеткіші — 92-99 пайыз. Дән көлемінің салмағы — 800-825 г/л. Шикі ұлпа үлесі 32-35,3 г, 41,2 пайызға дейін жетеді (Сібір АШҒЗИ мәліметі бойынша). Белоктың үлесі — 17,0-17,8 пайыз. Макаронның нандық-ұндық сапасына берілетін жалпы баға — 4,1-4,5 балл.
Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Ресейдің Орынбор, Курган, Челябі облыстары мен Башқұртстан республикасында пайдалануға рұқсат берілген.
2 085 -рет қаралды