«Астана 2» сортының ерекшелігі неде?
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.К. Мовчан, И.Х. Мырзағалин, Г.О. Шек.
"Астана 2" сорты соңынан жеке сұрыптау жасалатын жұптастыру {[( ВИР-264-2хЦелинная юбилейная) х Целинная юбилейная]хЦелинная юбилейная}х Целинная юбилейная сорттары арқылы топ ішіндегі гибридтеу әдісімен алынған.
Лютесценс түршесіне жатады. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы жағынан сорт — орта мерзімдік, "Ақмола 2" стандартымен піседі.
Байқау мақсатындағы сорт сынағы кезінде пар айдалған алқаптағы түсімі 25,9 ц/га болды, бұл "Ақмола 2" стандартынан 1,5 ц/га көрсеткішке артық.
Өндірістік сынақ кезінде түсімі 14,4 ц/га болған "Ақмола 2" сортынан "Астана 2" 1,7 ц/га көрсеткішке артық өнім берді. Ең жоғарғы өнім 35,0 ц/га көрсеткішті құрайды.
"Астана 2" сортының "Ақмола 2" сортымен салыстырғанда, өнімді молырақ беруі, негізінен, оның өнімді түптену және масақтан дәннің өнуі көрсеткіштерінің жоғарылығы есебінен болып отыр. "Астана 2" сортында бұл көрсеткіштер — 1,9 және 0,86 г. Ал Ақмола 2 сортында тиісінше — 1,7 және 0,83г.
Ақмола облысының «Достық-06» ЖШС-нда жүргізілген экологиялық сынақтың мәліметтері бойынша, "Астана 2" сорты өнімділік жағынан "Ақмола 2" сортын 2,2 ц/га көрсеткішке озып, 19,7 ц/га мөлшерінде өнім берген.
Ақмола облысының «Есіл-Агро» ЖШС-нда "Астана 2" сортының түсімі 19,0 ц/га болып, "Ақмола 2" стандартынан 2,3 ц/га көрсеткішке жоғары болды. "Астана 2" сортының құба және сабақ зеңдеріне, сабаққа жасырынғыш зиянкестерге төзімділігі — стандарт деңгейінде, ал тозаңды қаракүйеге төзімділігі жағынан одан гөрі артықшылыққа ие.
"Ақмола 2"–мен салыстырғандағы бұл сорттың артықшылықтары: желге құлап, сабағы сынбайды; мол өнім береді және тозаңды қаракүйеге төзімді болады.
"Астана 2" сорты 2008 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған, 2010 жылдан Шығыс Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат берілген.
1 779 -рет қаралды