"Ақмола 2" сорты сапалы дақыл


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.К. Мовчан, И.Х. Мырзағалин, А.А. Вагнер, Л.Ф. Герлинская, Г.П. Герлинский, Л. К. Купанова, Г.О. Шек, Л.А.Троицкая.
Ақмола 2 сорты күздік түрден жаздық түрге (Лютесценс М-800 х Целинная 60 желісі) айналдырумен қоса, гибридтік топтан дербес таңдау жасай отырып, қарапайым жұптық будандастыру арқылы гибридтеу әдісімен алынған. «Лютесценс М-800» жаздық желісі күздік бидайдың Мироновская 808 сортынан алынды.

Лютесценс түршесіне жатады. Дәні ірі (1000 дана дәннің салмағы — 33,1-41,1 г).

Құрғақшылыққа төзімді, анау-мынау желге құлап-жапырылмайды. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы жағынан сорт ортамерзімдік саналады, Саратовская 29 стандартымен қатар немесе одан 1-2 күн ерте піседі. Өсіп-өну кезеңі 83-88 күн.

Сорттың негізгі артықшылықтары: желге құлап, сабағы сынбайды; мол өнім береді және ауа райы жағынан жылдың қандай болғанына қарамастан, тұрақты түрде құнарлы дән түзеді. Тозаңды қаракүйемен зақымдануы — орташа деңгейде, стандарттармен салыстырғанда, төмендеу; құба және сабақ зеңдерімен зақымдану деңгейі — орташа көрсеткіштен жоғары.

Ең жоғары өнім көрсеткіші 37,5 ц/га болды. Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы тәжірибелік стансасында жүргізілген экологиялық сынақтың мәліметтері бойынша, Ақмола 2 сорты стандартты Омская 19 сортынан 1,3 ц/га мөлшерінде артық өнім беріп, орташа түсім көрсеткіші 28,7 ц/га болған.

Ақмола 2 сорты — төзімді әрі жоғары ұндық-нандық қасиетке ие, сапалы дақыл.Оның құрамында 28,0-33,2 пайыз шикі ұлпа, 15,4-17,0 пайыз протеин бар, ұндық қуаты 304-471 Джоуль, 100 грамм ұннан 570-700 мл көлемде нан шығады, ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 4,4 балл.

Ақмола 2 сортын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
1 749 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх