«Астана» - жаздық бидай сорты
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.К. Мовчан, И.Х. Мырзағалин, А.А. Вагнер, Л.Ф. Герлинская, Г.П. Герлинский, Л. К. Купанова, Г.О. Шек, Л.А.Троицкая.
Сорт күздік түрден жаздық түрге (Лютесценс И-2959 х Целинная 90 желісі) айналдыра отырып, гибридтеу әдісі арқылы шығарылған. Лютесценс И-2959 желісі күздік бидайдың Ильичевка сортынан алынған.Лютесценс түршесіне жатады. Дәні орташа(1000 дана дәннің салмағы — 30,0-35,1 г). Тармақтанып, өркендей бастаған кезде, бұтасы тік өседі.
Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы жағынан — ортаерте мерзімдік сорт.Далалық сорттар түріне жатады. Өсіп-өну кезеңі — 80-84 күн.
Байқау мақсатындағы сорт сынағы кезінде пар айдалған алқаптағы орташа түсімі — 15,8 ц/га, яғни Саратовская 29 стандартымен бір шамада болды. Ең жоғары түсім — 35,7 ц/га. Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы тәжірибелік стансасында жүргізілген экологиялық сынақтың мәліметтері бойынша, Астана стандартты Омская 19 сортынан 1,1 ц/га мөлшерінде артық өнім беріп, орташа түсім көрсеткіші гектарынан 22,8 центнерді құрады. Түрлі аурулар мен зиянкестерге (тозаңды қаракүйе, құба және сабақ зеңдері, септориоз, сабаққа жасырынғыш зиянкестер, швед шыбыны және астық бүргесі), Саратовская 29 стандартымен салыстырғанда, әлдеқайда төзімді келеді.
Ақмола 2 сорты — төзімді әрі ұндық-нандық қасиеттері жоғары, сапалы дақыл. Дән құрамында 35,9 пайыз шикі ұлпа, 16,1 пайыз протеин бар,дән көлемінің салмағы 792 г/л, 1000 дана дәннің салмағы — 31,9 г, дәннің мөлдірлігі 62 пайыз, ұндық-нандық қуаты 438 е.а., валориметрлік бағасы 67 е.ф., 100 грамм ұннан 723 мл көлемде нан шығады, ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 4,3 балл. Ал Саратовская 29 стандартына тән көрсеткіштер тиісінше: 29-33,0 пайыз; 15,9 пайыз; 785 г/л; 35,4 г; 53 пайыз; 400 е.а.; 65 е.ф.; 728 мл және 4,4 балл.
Қою қоңыр топырақ пен оңтүстіктің құнарлы қара топырағында өсірілсе, дәнінің құрамындағы шикі ұлпа үлесі 40 пайызға дейін барады. Солтүстік Қазақстан облысында, ылғал мол болған жылдардың өзінде де, дәнінің құрамында белок пен шикі ұлпа үлесі жоғары болатын бірден-бір сорт осы Астана сорты.
Саратовская 29 сортымен салыстырғанда басты артықшылықтары: сабақтары түзу, тегіс боп өсетіні, бір мезгілде пісіп-жетілетіндігі және аурулар мен зиянкестерге төзімділігі.
Астана сортын 2004 жылдан бастап Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
4 285 -рет қаралды