"Кормовое 2014" - мал азығындық тары
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Ю.Ю. Долинный, К. Ж. Баубаева, В.А. Волобаева.
Кокцинеум (CoccineumKorn) түршесіне жатады. Дәні қызыл, сопақша, ірі, 1000 дана дәннің салмағы — 7-8 г. Бас жағы жинақы, ұзындығы 22-25 см болады.
Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы — 74-86 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды. Әдеттегі жағдайда қара күйеге төзімді келеді, ал жұқпалы аурулар белең алған жағдайларда сирек зардап шегеді.
Көк күйінде де, кептірілген күйінде де мол өнім береді. Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде көк күйінде гектарынан — 299,8 ц, пішен күйінде — 70,3 ц/га өнім берді. Өндірістік сынақ кезінде бұл көрсеткіштер тиісінше: 263,3 ц/га және 64,5 ц/га болды.
Белок пен клетчатканың үлесі тиісінше: 12,8 және 18,2 пайызды құрайды. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,731 кг/кг.
Кормовое 2014 сортты тары балғын күйінде де, пішен күйінде де пайдалануға ұсынылады.
Сорт қазір мемлекеттік тұқым инспекциясына зерттеуге алынған және Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіруге кеңес беріледі.
1 425 -рет қаралды