"Ақбас" - Еділ түйебұршағы
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Л.И. Загородная, Р.А. Жуковская, Э.В. Липатова, Р.М. Загаевская, Л.И. Еськова .
Еділ түйебұршақтары түріне жатады. Орта мерзімде пісіп-жетіледі. Көктеп шыққаннан орып алуға дайын болғанға дейінгі уақыт — 50-52 күн, тұқымы пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 88-89 күн. Қысқы салқынға, құрғақшылыққа төзімді, мол өнім алынады. Бұтасы тік өседі, биіктігі 89 см. Тұқымдары ірі болады, 1000 дана тұқымның салмағы — 2,9 г.
Орташа көрсеткіштері: көк шөп күйінде гектарынан 143,0 ц өнім алынады, пішен — 39,0 ц/га, тұқым жинау бойынша — 2,9 ц/га. Ылғал мол болған жылдары, орташа алғанда, көк шөп күйінде — 210,5 ц/га (79,0-322 ц/га), кептірілген шөп күйінде — 59,8 ц/га, тұқым жинау бойынша — 2,2 ц/га (1,8-2,8 ц/га аралығында) өнім берді.
Орта шалғындық-дадалық сортаңдарда көк шөп күйіндегі өнімі гектарынан 80 ц болды. 1 кг кептірілген шөпте 0,63 азықтық бірлік, 197 г шикі протеин, 260 г шикі клетчатка, 22,7 г шикі май, 2,8 пайыз кумарин, 9,9 мДж ауыспалы қуат болады. Сіңімділігі 70,8 пайызға дейін жетеді.
Сорт 1990 жылдан бастап республиканың селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Ақмола, Павлодар мен Қызылорда облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
2 070 -рет қаралды