"Шортандылық 83" - құмдақ эспарцет
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Л.И. Загородная, Р.А. Жуковская, Л.И. Еськова.
Иілгіштігімен ерекшеленеді. Пісіп-жетілетін уақыты — орташа мерзім. Көктемде көктеп шыққаннан кейін, 46-62 күн аралығында орып алуға дайын болады, ал тұқымның толық пісіп-жетілуіне 80-100 күн уақыт қажет. Сорт ерте көктемде және бір орып алғаннан кейін, қаулап шығып, жақсы өседі. Жапырақтың үлесі айтарлықтай — 50, 0 пайыз.
Сорт қысқы салқын мен құрғақшылыққа жоғары деңгейдегі төзімділігімен ерекшеленеді. Құба зең, аскохитоз сынды ауруларға төзімді келеді, тұқым зиянкестерінен (эспарцет жалпақаяғы, т.б.) сирек зардап шегеді.
Көк шөп күйінде әр гектардан алынатын орташа өнім — 190,0 ц/га; пішен жинау бойынша орташа көрсеткіш — 60,0 ц/га; тұқым жинау бойынша — 5 ц/га. Кептірілген шөптегі шикі протеиннің үлесі — 17,5-19,8 пайыз аралығында, клетчатка — 25,0 пайыз.
Сорт 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Павлодар облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.

2 285 -рет қаралды