"Ақмолалық 91" - қылтықсыз арпабас
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Е.И. Парсаев, И.И. Кривобочек, Р.М. Абдрашитова, С.М. Шмидт, Л.А. Троицкая, Л.И. Еськова, А.А. Степнов.
Шабындық әрі жайылымдық пайдалануға жарамды түрлердің ерте пісетін тобына жатады. Өсіп-өну кезеңі пішенге шауып алғанға дейін — 56-64 күн, тұқым ретінде жинауға дейін — 103 (98-105) күн болады. Ақмола 91 сорты өсірілген алқап тығыз да тегіс боп келеді, көктемде де, орып алғаннан кейін де қаулап өсіп шығады. Қолайлы жылдары екі рет орып алуға болады. Сорт қара күйе, құба зең, жапырақ дағына төзімді келеді. Солтүстік Қазақстанның қатал топырақтық-климаттық жағдайларында да қысқа және құрғақшылыққа төзімділігімен, сондай-ақ жоғары өнімділігімен ерекшеленеді, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды.
Көк шөп күйіндегі өнімділігі (екі рет орып алғандағы мөлшер) — 267, 6 ц/га, пішен күйінде — 88,8 ц/га, тұқым жинау бойынша 3,5-4,0 ц/га болады. Жапырақтары тепе-тең орналасады, жапырақтың үлесі де жоғары болады: 49,4-60,0 пайыз.
Кептірілген шөпте 13,9 пайыз шикі протеин, 30,5 пайыз клетчатка, 2,2 пайыз май, 7,5 пайыз күл болады. Азықтық бірлік — 0,69 кг/кг.
Сорт 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Ақмола мен Павлодар облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
3 004 -рет қаралды