"Сарбас" - сары түйежоңышқа
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Л.И. Загородная, Р.А. Жуковская, Э.В. Липатова, Г.П. Герлинский, Л.И. Еськова.

Көктемде және бір орып алғаннан кейін тез қаулап өседі. Өсіп шыққаннан бастап бірінші орып алғанға дейінгі аралықта суыққа төзімділігімен ерекшеленеді, ерте көктемдегі құрғақшылыққа, сондай-ақ, қысқы салқын мен жаздың құрғақшылығына да шыдамды. Тұқымының қысқа мерзім ішінде пісіп-жетілетіндігін айрықша айту керек. Шық тәріздес ақұнтақ дертіне шалдығу қаупі орта деңгейде болады, ал тұқым зиянкестерінен сирек зардап шегеді.
Мол өнім беретін сорт. Орташа алғанда, өнім беру көрсеткіштері: көк шөп күйінде — 195,5 ц/га, пішен — 56,3 ц/га, тұқым жинау бойынша — 3,3 ц/га. Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 17,6-20,9 пайыз, клетчатка — 15,1-19,5 пайыз. Жапырақтану көрсеткіші — 41,3-62,4 пайыз аралығында. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,3 г.
Сорт 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
3 866 -рет қаралды