"Фламинго" - құмдақ эспарцет
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Е.И. Парсаев, Т.М. Коберницкая, Л.Н. Казанцева, М.А. Прокуратова, Н.А. Быхалова.
Көктемде өсіп шыққан соң, гүлдеу кезеңіне дейінгі мерзім — 45 күн, тұқымдар толық пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 96 күн.
Құба зең, аскохитоз сынды ауруларға төзімді келеді, тұқым зиянкестерінен (эспарцет жалпақаяғы, т.б.) сирек зардап шегеді.
Зерттеудің үш кезеңі бойынша орташа алғанда, көк шөп беру өнімділігі — 220,6 ц/га, кептірілген шөп — 62,4 ц/га, тұқым алу бойынша — 7,4 ц/га. Жапырақтың үлесі — 51,1 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 17,8 г.
Кептірілген шөптегі шикі протеиннің үлесі — 18,86-20,0 пайыз, шикі клетчатка — 16,9-19,5 пайыз, сіңімді протеин — 13,3 пайыз, ауыспалы қуат — 10,78 мДж, азықтық бірлік — 0,940 кг/кг болады.
Сорт 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
2 121 -рет қаралды