"Степное" - мал азығындық тары


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Л.А. Коробкина, Э.Я. Струева, Н.А. Быхалова.
Сангвинеум түршесіне жатады. Әдетте биіктігі орташа болады — 80-100 сантиметр, ал ылғал мол болған жылдары 120-140 сантиметрге дейін өседі. Дәні қызыл, дөңгелек тәріздес, ірі. 1000 дана дәннің салмағы — 7,5-8,5 г, шашылып түсе бермейді. Әбден пісіп-жетілгенге дейін, жапырақтары жасыл түсін сақтайды.

Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы — 75-90 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды. Әдетте қара күйеге төзімді келеді, ал жұқпалы аурулар белең алған жағдайларда сирек зардап шегеді.

Көк күйінде де, пішенге де мол өнім береді. Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде көк күйіндегі өнім — 219,4 ц/га, пішен күйінде 66,3 ц/га болды. Өндірістік сынақта көк күйіндегі орташа өнім көрсеткіші — 216 ц/га және пішен күйінде 60,5 ц/га болды.

Белок пен клетчатканың үлесі: 10,6 және 22,1 пайыз. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,658 кг/кг.

Степное сортты тары балғын күйінде де, пішен күйінде де пайдалануға ұсынылады.

Сорт 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Павлодар облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
1 997 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх