"Целиноградтық 30" - тік өсетін арпабас
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Е.В. Колесникова, Р.М. Абрашитова, И.И. Кривобочек, В.В. Плахотник, Л.И. Еськова.
Шабындық және жайылымдық мақсатта пайдаланылатын мал азығындық жаңа дақыл. Қылтиып көрінгеннен толықтай масақтанғанға дейінгі өсіп-өну уақыты — 59-66 күн, тұқымы 88-90 күнде пісіп-жетіледі. Қолайлы жылдары көк шөп күйінде әр гектардан 230 центнерге дейін өнім алынады, ал қатты құрғақшылық болған жылдары бұл көрсеткіш 65-70 центнерге дейін төмендейді.
Зерттеулер жүргізілген алты жылдың ішінде орташа өнім көк шөп күйінде — 65,5 ц/га, пішен — 32,7 ц/га, тұқым жинау бойынша 2,0 ц/га болды. Гүлдену кезеңінде орылған пішенде шикі протеиннің үлесі 12,4 пайызды құрайды.
1000 дана тұқымның салмағы — 4-5 грамм. Өсімдіктің жапырақтану деңгейі жоғары: бірінші орымда — 52-83 пайыз; екінші орымда 97-100 пайыз болады. Қысқы салқын мен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Жұқпалы аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді.
Сорт 1991 жылы Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген жәнеАлматы облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
2 052 -рет қаралды