"Шортандылық 2014" жаздық бидай сорты орта мерзімде піседі


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: А.Т. Бабкенов, Т.В. Шелаева, Е.К. Қайыржанов, С.М. Дашкевич, С.А. Бабкенова.
Сорт А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ишимская 92 және Омская 28 сорттарын, соңынан бесінші буыннан жеке сұрыптау жүргізу арқылы, гибридтеу әдісімен алынған. Лютесценс түршесіне жатады. Дәні қызыл, орташа, сопақша пішінде болады (1000 дәннің салмағы — 33-37 см). Сабағының ұзындығы орташа — 80-100 см, іші қуыс келеді.

Орта мерзімде пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі — 85-106 күн. Даму кезеңдерінің барлық сатыларында құрғақшылыққа төзімді келеді, сондықтан мол өнім береді. Оңайлықпен құлап-сынып, төгіліп-шашыла бермейді. Негізгі аурулар және зиянкестермен зақымдануы — стандартты сорт деңгейінде.

Сорт мол өнім беруге қабілетті. Байқау мақсатындағы сортсынағы тәлімбағында үш жылдық сынақ мерзімінде 20,4 ц/га түсім берген, бұл Ақмола 2 стандартынан 2,4 ц/га (13,3 пайыз) көрсеткішке артық. «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылығы стансасы» ЖШС-ның экологиялық сынағы мәліметтері бойынша, жаңа сорттың өнімділігі, орта есеппен, 24,0 ц/га болды, бұл Омская 35 стандартты сортынан 4,8 ц/га көрсеткішке жоғары.

Астық сапасы бойынша, жаңа сорт Ақмола 2 сортын мөлдірлігі, қамыр деформациясының меншікті жұмысы көрсеткіштері жағынан басып озады. Кейбір көрсеткіштері: дән көлемінің салмағы — 783 г/л, мөлдірлігі — 70 пайыз, шикі ұлпа үлесі — 31,4 пайыз. Сорт қазір мемлекеттік тұқым инспекциясына зерттеуге алынған және мол өнім алу мақсатында Солтүстік облыстарда өсіруге кеңес беріледі.
скачать dle 12.0
1 811 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх