"Шортандылық 2012" жаздық бидай сорты Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындаөсіріледі
Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: А.Т. Бабкенов, Т.В. Шелаева, Ж.К. Кабулова, А.С. Ермилов, Б.К. Қанафин, О.С. Гаас.
Целинная юбилейная сортын Лютесценс 90/87-1 сортымен будандастыру арқылы гибридтеу әдісімен алынған. Лютесценс түршесіне жатады. Дәні қызыл, орташа көлемде, жұмыртқа пішіндес (1000 дана дәннің салмағы — 33-37 г). Өсіп-өну кезеңі, орта есеппен, 84-90 күн болады. Орта ерте пісетін сорттар қатарына жатады.
Сорт көктеп-масақтану кезеңінің ұзақтау (40-48 күн), ал өсіп-өну кезеңінің екінші бөлігінде бас (дән) салу мен пісіп-жетілуінің қарқындырақ (44-52 күн) болатынымен ерекшеленеді. Өсіп-өну кезеңінің барлық сатыларында құрғақшылыққа төзімді, сондықтан мол өнім береді. Анау-мынау желге құлап-жапырылмайды. Негізгі аурулар және зиянкестермен зақымдануы — Астана стандартты сорты деңгейінде; тозаңды қаракүйеге төзімді.
Байқау мақсатындағы сортсынағы тәлімбағында сорт 20,5 ц/га өнім берді, бұл Астана стандартты сортынан 2,0 ц/га көрсеткішке жоғары. Өндірістік сынақ кезінде Шортандылық 2012 сортының өнімділігі Астана стандартының өнімділігінен 0,9 ц/га көрсеткішке жоғары болды, бұл жерде стандартты сорттың өнімділігі — 6,1 ц/га. «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ындағы экологиялық сынақ мәліметтері бойынша, жаңа сорттың өнімділігі 29,1 ц/га, бұл стандарттық сорттан 3,1 ц/га көрсеткішке жоғары.
Астықтың сапасына қатысты көрсеткіштері Астана стандартты сорты деңгейінде: дән көлемінің салмағы — 807 г/л, мөлдірлігі — 59 пайыз, белок үлесі — 14,6 пайыз, шикі ұлпа үлесі — 31,6 пайыз, ұндық-нандық қуаты — 314 е.а., қамырдың сұйытылуы — 107 е.ф., валориметриялық бағасы — 96 е.в., ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 3,9 балл, тиісінше стандартқа тән көрсеткіштер: 799 г/л, 62,0 пайыз, 15,9 пайыз, 36,8 пайыз, 246 е.а., 92 е.ф., 69 е.в., 4,1 балл.
2015 жылдан бастап Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат берілген.
2 047 -рет қаралды