Нақты егіншілік полигонында бидайға мониторингті ғалымдар БПЛА көмегімен жүргізді.
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО метеопосты мәліметі бойынша мамыр айында түскен жауын-шашын мөлшері небәрі 10 мм, норма 32 мм болған жағдайда қанағаттанарлық.
Маусым айында жиынтығында 40 мм (норманың шегінде) түсті, алайда орташа ауа температурасы 4,20 С көп жылдық көрсеткіштен төмен болды. Бұл фазааралық кезеңдерді ұзартып, 10-12 шілдеге дейін барды. Шілдеде күткен жауын-шашын болған жоқ, норма 57 мм болғанда, ұсақ жауын деңгейі тек 15,5 мм құрады, ал орташа ауа температурасы нормадан 2,20 С жоғары болды.
Нақты егіншілік полигонында бидай жағдайына мониторингті ғалымдар БПЛА көмегімен жүргізді. Бұл проблемалы учаскелерді анықтауға және қажет болған жағдайда оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Тексеру кезінде егістіктер сүттеніп пісу фазасында болды.
Атмосфералық және топырақ құрғақшылығының пайда болуы салдарынан масақ болған сәттен бастап фенологиялық фазалардың жедел өтуі белгіленді. 20.07.2019 жағдай бойынша демонстрациялық полигон алаңдарында вегетация индексінің динамикасы (NDVI) бидайдың вегетативтік биомассасының жиналу шыңының өтуін көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіштің азайғаны байқалады, бұл астықтың қалыптасу фазасын – сүттеніп пісіп-жетілу кезеңін растайды.
1 022 -рет қаралды