АҚИҰ-ның АШҒӨО ғалымдарымен ынтымақтастығы жалғасуда
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Қазақстанның ауыл шаруашылығының астық дақылдарын өндіру саласындағы әлеуетімен танысу, АҚИҰ-ның бастамасымен жасаған жобалар туралы пікір алмасу, сондай-ақ генетикалық ресурстар банкін және озық технологиялар орталықтарын құру мәселелерін талқылау мақсатында зерттеулер мен технологиялар жөніндегі кеңесші Исмаил Абдул Хамид бастаған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) хатшылығының өкілдері іскерлік сапармен болды.
Іс-сапар барысында АҚИҰ мүшелері қоғамдық мұражайға, талдау бөліміне барып, түрлі агротехнологиялар бойынша өсірілетін бидай дәнінің микробиологиялық жай-күйіне жүргізіліп жатқан мониторингпен және Солтүстік Қазақстан жағдайында экологиялық тәуекелдерді бағалау кезінде жаздық бидай дәнінің сапасын анықтаумен танысты. Сондай-ақ оларға жобаларды басқару орталығында нақты егіншілік полигонын басқару жұмыстары көрсетілді.
Кездесу соңында қатысушыларға Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық бидай селекциясының жетістіктері мен даму жолдары таныстырылды, өз кезегінде қатысушы тараптың өкілі Исмаил Абдул Хамид АҚИҰ мемлекеттерге тәжірибе мен техникалық ноу-хау ұсынуға шақырылғанын атап өтті.
842 -рет қаралды