Қазақстандағы тұқым сататын ТОП-50 компания
Жаңалықтар
Қазақстанның өңірлік бюджеттерінен 2019 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 39,4 мың тонна тұқым және 9,4 млн дана жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатып алуды субсидиялауға мүмкіндік берді.
Жалпы, себілген элиталық тұқым көлемі 162,4 мың тоннаны немесе тұқымдық материалдың жалпы көлемінің 6,5% - ын құрады. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы-143 мың тонна немесе 5,9% болды. Сапасы төмен тұқымдарды пайдалану (4-5 және жаппай репродукция) 287,1 мың тоннадан 224,4 мың тоннаға дейін төмендеді немесе 1,3 есе қысқарды.
2017 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым шаруашылығы картасын құрастырып, дайындады, бұл жұмыс осы бағыттағы проблемаларды анықтауға және оларды шешу тәсілдерін айқындауға арналды.
Мамандар аталған жобадан оң динамиканы байқады: себебі бес жыл ішінде, 2013 жылдан 2017 жылға дейін, «қоқыс тәрізді тұқымдар» себілген егістік көлемі (5-6 репродукция тұқымы) 33,1% – дан 12,8% - ға дейін төмендеген болатын.
Алайда, тіпті бұл жағдайда жыл сайын жинауға тиіс 2 – 2,5 млн тонна астықтан айырды.
2 және 3 репродукция тұқымдарды еліміз әлі күнге дейін қолданады (сәйкесінше 32,3% және 31,5%). Ал АҚШ пен Еуропада тек элиталық және 1 репродукциялы тұқымдар себіледі.
Қазақстанда элиталық тұқымдар егістіктің 5,2% - ына себіледі, 1 репродукция 17,1% - ды құрайды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тағы бір маңызды проблеманың бірі сұрып ауыстыру қарқыны төмен деп атады. Яғни, ғылым 10 жыл бұрын жасалған сұрыптарды қолдануға кеңес бермейді, өйткені олардың қасиеттері уақыт өте келе нашарлайды.
«Алайда, Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бұрын Мемлекеттіктізілімге енгізілген сұрыптардың үлесі 57-85% - ға жетеді. Олардың себілетін егіс көлемі: бидай бойынша -69%, арпа бойынша - 90%, жүгері бойынша - 98%, майлы дақылдар бойынша - 85%, жемшөп бойынша - 95%", - деп атап өтті Тұқым шаруашылығы.
Сарапшылар егер сұрыптау жұмысы уақтылы жүргізілсе, жыл сайын жалпы егінге кемінде 3,5 миллион тонна қосымша астық қосуға болады деп есептеді. Оның ішінде, бидай бойынша - 1,6 млн тонна, арпа бойынша - 241 мың тонна, жүгері бойынша - 180 мың тонна, майлы дақылдар бойынша - 197 мың тонна, малға арналған жем - шөп бойынша-718 мың тонна.
Бидай сұрыптарына байланысты тағы бір мәселе-кеш пісетін тұқымдардың басым болуы. Мысалы, Қостанай облысында ғылым ұсынған 20% тұқымдардың орнына 29% - ы, Солтүстік Қазақстан облысында ұсынылған 15% -дың орнына 31% - і. Ал орташа пісетін сұрыптардың жетіспеушілігі тағы бар. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында ғалымдар ұсынған 50% - дың орнына 21% ауданды алып жатыр.
Пісіп-жетілу мәселесіндегі сұрыптардың дұрыс оңтайлы арақатынасын сақтамау егін жинау техникасын тиімсіз пайдалануға, егін жинау уақытын кешіктіруге және астық сапасының төмендеуіне әкеледі. Осы себепті ҚР АШМ Ақмола облысында 250 мың тонна, Қостанайда 285 мың тонна, СҚО-да 256 мың тонна астық жоғалтуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық фермерлердің шетелдік селекция тұқымдарын пайдалану үлесін талдады. Бидай бойынша импортқа тәуелділік 41,4%, арпа бойынша 19,6% құрайды. Жасымық бойынша тәуелділік бәрінен жоғары – 99,5%, қант қызылшасы бойынша – 98%, рапс бойынша – 90,9%, бұршақ бойынша – 90,4%. Соя бойынша – 10,9%, көпжылдық шөптер бойынша – 19,4%, мақсары бойынша – 29,1% болып табылады.
Талдау жұмыстарын жүргізу тұқым шаруашылығы проблемаларын шаруашылықтарды техникалық тұрғыда қайта жабдықтамайынша шешу мүмкін еместігін көрсетті.
«Тұқым өсіру шаруашылықтарының егіс техникасымен қамтамасыз етілуі орта есеппен 70%- ды құрайды, егін жинау - 80% - ды, тұқым тазалау-63% - ды құрайды. Қолда бар техниканың 24% - ының тозығы жеткен, егін жинауға арналған 12% - ын және тұқым тазалауға арналған 25% - техникаларды есептен шығару қажет.
Тұқым тазалауға арналған тозған техника дақыл тұқымдарын бүлдіруді 4-10% - ға арттырады, өнімнің шығымын 6-15% - ға, кондициялық тұқымның шығуын 10% - ға дейін төмендетеді», - деп түйіндеді ҚР АШМ.
Тұқым өндірушілердің тозған техниканы пайдалануының нәтижесі-1,5 млн тоннадан астам көлемде өнім шығынын әкеледі, сондай – ақ тозған техникаға қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын жыл сайынғы шығындар-171 млн теңгені құрайды.
Айтылған жағдайларды түзету үшін тұқым шаруашылығының негізгі ұсынысы бойынша шетелдік селекцияның тұқымын сатып алуға субсидия беру болды (оған дейін тек отандық өндірушілерге қолдау көрсетілген болатын). Сондай-ақ, тұқым өсіретін шаруашылықтардың техникалық мүмкіндіктерін күшейту шаралары ұсынылды.
Алайда, бұл шешімдерді қабылдау жұмыстары кешіктірілді. Тек 2020 жылдың көктемінде егіске дайындық кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көптен күткен жаңалықты жариялады:
«Фермерлердің отандық және импорттық сұрыптың сапалы тұқымына қол жеткізе алады, оны қамтамасыз ету мақсатында субсидиялау механизмін өзгерту жоспарланып отыр. Қазақстаннан тұқым сатып алғандар және тікелей шетелдік өндірушілерден сатып алғандар да субсидия ала алады. Бұрынғы ескі механизмде-субсидия беруде мұндай тәсілдер қолданылмаған еді».
Фермерлер бұл жаңа жұмыстың экономикалық нәтижесін 2020 жылдың соңына дейін алып, бағалауы керек. Тұқым өндірушілер оны оң қабылдады.
«Ауылшаруашылық министрлігінің тек жергілікті тұқымдарды сатып алуға субсидия бөлу ғана емес, сонымен бірге шетелдік тұқымдарды субсидиялау туралы шешім алға басуға арналған маңызды қадам болып табылады», - деді KAZSEEDS компаниясының бас директоры Серік Рамазанов. - Бұл жүгері тұқымын және басқа да азықтық дақылдарды Еуразияның әртүрлі аймақтарында сататын және қазақстандық нарыққа кеңірек шығуға мүдделі біздің компания үшін маңызды. Тұқым құнының 50% -на дейін өтеу - бұл фермерлерге әлемдегі ең жақсы тұқымдарды таңдап сатып алуға мүмкіндік беретін маңызды қолдау. Алайда, фермерлер - жүгері өндірушілер үшін бір реттік төлем ғана емес, мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары тағы бар, бұл туралы бәрі біле бермейді. Түсіндіріп айтсақ: бірінші ұрпақ будандарының бір реттік себуге берілетін субсидияның шекті нормасы шамамен 13 мың теңгені құрайды. Яғни, 50%-ға дейін субсидияның бір реттік төлемі аймаққа байланысты 6,5 мың теңге төлейді. Сонымен қатар, дәнді жүгерінің өнімділігі гектарына 10 тоннаны құрайтын кезде, жинаған өнімді өңдейтін зауытқа жеткізген кезде шаруа тоннасына тағы 6 мың теңге алады. Осылайша, мемлекет 100% өтемақы төлейді, яғни жаңа генетикалы жоғары өнімді тұқымдар фермер үшін ақысыз тегін болып шығады.
Өткен маусым жайлы айтар болсақ, 2019 жылдың соңында Qoldau.kz жүйесінің тізілімінде 336 тұқым жеткізуші көрсетілген. Жеткізудің жалпы көлемі 1,5 млн. кг-нан асты.
Осы 336 жеткізушілердің тұқымдарының жалпы мөлшері Қазақстандағы барлық пайдаланылатын егістік жерлердің 11,5% құрады - 2 млн 575 мың 953,74 га.
Qoldau.kz жүйесінің деректері негізінде ElDala.kz порталы егіс көлемін ескере отырып, ТОП-50 ірі тұқым жеткізушілердің тізімін дайындады.
Алғашқы позицияда «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС орналасты- 118 360,98 га.
Екінші орында «Тандем-Агро»ЖШС тұр- 115 053,37 га
Үшінші орынға Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы орналасты- 89 442,6 га
Дереккөз: https://eldala.kz/kz/rating/2802-top-15-krupnejshih-postavshchikov-semyan-v-kazahstane
1 004 -рет қаралды