Қазақстанда астық алқабының 85,6% орылып, 16,4 млн тонна астық жиналды


Жаңалықтар


Қазақстанда 1 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 13 млн 523,9 мың га бұршақ және дәнді дақылдар немесе 85,6% жиналды. 16 миллион 409,6 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 12,1 ц / га құрады. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Өткен тәулікте астық өсірушілер 495,6 мың тонна астық жинады.

Ақмола облысының аграршылары 10,8 ц / га өнімділікпен 4178 мың тоннаны бастырды. Облыста 3868,6 мың га жиналды, немесе 87% болды.

Солтүстік Қазақстан облысында 3950,4 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 14,8 ц / га болды. 2669,2 мың га жиналды, немесе 89,3%.

Қостанай облысында 3547,5 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 10 ц / га. Қазіргі  таңда облыста 3547,5 мың гектар немесе алқаптың 87,6% жиналды.

Дереккөз: https://eldala.kz/novosti/zerno/2296-v-kazahstane-ubrano-85-6-ploshchadej-zernovyh-namolocheno-16-4-mln-tonn-zernaскачать dle 12.0
1 050 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх