Қазақстанда 22,78 млн тонна астық бастырылды


Жаңалықтар
Қазақстанда 6 қарашадағы жағдай бойынша, 22,781,7 млн тонна астық бастырылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген ақпаратқа сәйкес, аймақтарда егін орағы 100 пайызға жүргізіліп, 15 млн 55,9 мың га алқап орылған. Бір гектарынан орташа түсімділік - 15,1 центнер.

Айта кетейік, 2017 жылы да аймақтардағы жалпы орылатын аумақтар 100 пайызға игеріліп, 22 млн 272,8 мың тонна астық бастырылған. Ол кездегі орташа түсімділік гектарына 14,5 центнер болған.

Қазақстанда 2018 жылы жиналған аумақ 15 млн 62,7 мың гектарға тең болған. Ал өткен жылы 15 млн 365,1 мың болып еді. Сонымен қатар, биыл егіс науқанында 15 млн 122,6 мың га аумаққа бидай (өткен жылы 15 млн 411,6 мың га) себілген.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-22-78-mln-tonna-astyk-bastyryldy_a3448119
скачать dle 12.0
1 436 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх