Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын арттырады


Жаңалықтар


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Еуропа және Орталық Азиядағы ФАО Аймақтық конференциясының 32-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан пандемияға қарамастан ауыл шаруашылық өнімдерін көрші елдердің нарықтарына белсенді түрде шығарып жатқанын айтты. Болашақта республика органикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын дамытатын болады. Бұл туралы конференция соңында ФАО кеңсесі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің нарықтарына құны 1,3 миллиард доллардан асатын ауыл шаруашылық өнімдерін сатты.ФАО-ның мәліметтері бойынша, тек 2019 жылы Қазақстан өзінің бидайы мен ұнының экспорты арқылы әлемдегі 45 миллионнан астам адамды тамақтандырды. Сонымен қатар, пандемия кезінде Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Орта Азия елдеріне (әрқайсысы 5 мың тоннадай) 10 мың тоннадан астам бидай ұнын жіберді.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров пандемияға байланысты өте күрделі де қиын жағдайға қарамастан, Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарларын өндіруді, көрші елдердің сұранысын ескере отырып, арттыруды жоспарлап отырғанын баса айтты.

Қазіргі уақытта ФАО-ның қолдауымен Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы жасалуда. Бұл жобада қол жетімді қаржыландыру, жер қатынастары, агро ғылымды дамыту, саланы цифрландыру, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік, органикалық өнімдерді өндіру мәселелері, сонымен қатар шикізаттың ғана емес, дайын тағамның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері де қарастырылуда.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы өз сөзінде азық-түліктің сапасы туралы мәселе көтерді. Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Еуропалық Комиссияның 2018-2019 жылдардағы  ресми мәліметтері бойынша Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерге органикалық өнімдерді экспорттайтын 123 елдің ішінде Қазақстан 9-орында тұр. Органикалық бидай бойынша Қазақстан ЕО-ға экспорттаушы елдер арасында 4-ші және майлы зығыр тұқымдары бойынша 6-шы орынға ие.

ФАО-ның Еуропаға арналған аймақтық конференциясы - бұл Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша жоғары басқару органы болып табылады. Іс-шараға 53 ауыл шаруашылық министрлері және ФАО-ға мүше 53 елдің және Ассоциациялық Ұйымның (Еуропалық Одақ) делегаттары қатысты, сондай-ақ азаматтық қоғам мен жеке сектор өкілдері қатысады. Конференция аймақтың азық-түлік және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды және ФАО-ның аймақтағы жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды. Аймақтық конференция екі жылда бір рет өткізіледі.скачать dle 12.0
1 696 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх