Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!


Жаңалықтар
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Осы ауыл шаруашылығы жылы жоғары өнім қалыптастыруға қолайлы болсын! Ұлыс бақты, Төрт түлік ақты болғай! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Құрметпен,
Нұрлан Серiкпаев, Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
скачать dle 12.0
31 346 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх