АШҒӨО-да егіс алдындағы жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
Өздеріңіз білетіндей, көктем басталысымен, шаруалар, фермерлер және ғалымдар болсын танаптық жұмыстары басталған кезде еңбек күші едәуір артады.
«Жазда шананы, қыста арбаны дайында» дегендей, яғни дұрыс ұйымдастырылған көктемгі танаптық жұмыстары болашақта сапалы, мол өнім алудың негізі болып табылады.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО егістік жерлеріне ылғал жабу, сонымен қатар көбейту питомниктерге көпжылдық шөптерді себу жұмыстары басталды.
Егіс науқанының негізгі бөлігін мамыр айында жүргізу жоспарланып отыр.
Біз бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жұмсалған ресурстар мен күш-жігерімізді ақтайтындай сапалы өнім алуға жұмыс жасаймыз.
Қазіргі егіс науқанының ерекшеліктерін ескере отырып, барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы орындау маңызды. Ең бастысы қажетті тұқымдар, агрохимиялық тыңайтқыштар, жанар-жағармай және машина-трактор паркі дайын.
О. Хурметбек, А. И. Бараев атындағы АШҒӨО бас ғалым агроном.
659 -рет қаралды