А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-даегін егу науқаны оңтайлы уақытта аяқталды


Жаңалықтар


25 мамырда А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да егу науқаны аяқталды. Алғаш рет АШҒӨО-ның тарихында 2021 жылы егілетін алқаптардың жоспарланған құрылымына сәйкес,  барлық ауылшаруашылық дақылдары қысқа әрі оңтайлы мерзімде себілді. Бұл ұзаққа созылған қыстың тез арада шегінісбермегеніне және егін егудің мамыр айына дейін кешігуіне қарамастан жасалды.
...2021 жылдың 25 мамыры, кеш батты. 49 гектар жерге жаздық арпа себуін аяқтап,  соңғы трактор танабынан кетті. 13 күнде 3 мың гектар алқапта себу жұмыстары аяқталды. Егіншілер де, АШҒӨО  басшылығы да атқарылған жұмыстарға өздерінің қанағаттанғанын жасырмады. Олар жақын арада өз еңбектерінің жемісін көрмегенмен, бастаманың  тиімді болу  фактісі   қазірдің өзінде жемісті егінге деген үміт ұялатады.
«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаевтың айтуынша, жалпы егістік алқабы 5214 гектарды құрайды, оның 3 мың гектары түпнұсқа тұқымдарды көбейту  тұқымбақтарын егуге пайдаланылады, ғылыми тәжірибелер - 241 га, сүрі танаптар (пары) 1454 га құрайды.
Егістік алқаптарының құрылымында жаздық жұмсақ бидай - 69,9%, жаздық қатты бидай - 4,1%, арпа - 3,2%, сұлы - 2,1%, қарақұмық - 2,2%, жасымық - 4%,  асбұршақ -1,3%, рапс-0,4 %, күнбағыс-0,4%, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері -3,4%, өткен жылдардағы көпжылдық шөптер 9,0% құрайды.
Ағымдағы жылы ылғалды жабу барлық жоспарланған аумақта жүргізілді. Тұқымдар қажетті мөлшерде дәріленді. 2000 гектардан астам жерге минералды тыңайтқыштар енгізілді.
Ғалымдардың ұсыныстары бойынша, көпжылдық шөптер 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында 54 гектар алқапқа жоспарланған уақытта себілсе, 12 мамырдан бастап дәнді бұршақ және майлы дақылдар себілді, ал 15 мамырдан бастап кеш пісітін дақылдар себіле бастады. Егін егуді жоспарланған мерзімде -25 мамырда толық аяқтадық.
Егіс науқанына қолда бар барлық ауылшаруашылық техникалары тартылды: тракторлар, дән сепкіштер, 3-тен аса заманауи жоғары өнімді тұқым себу кешені.
Н.Серекпаевтың айтуынша, технопарктің уақтылы дайындалуы жаздық егіс жұмыстарының жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Егіс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау егін егу науқанының қарқындылығына оң ықпал етті.
Нақты егіншілік полигонының демонстрациялық алаңындағы барлық жұмыстар қарастырылған элементтер бойынша жүргізілді, айта кетсек, қатар жүргізуді есептеу, тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу, тұқым мен жанармай шығыны және енгізілген жүйенің барлық басқа элементтерін есепке алу және т.б. Технологиялық процесс спутниктік интернет көмегімен бақыланады, барлық бақылау деректері ANT анықтамалық-ақпараттық жүйесіне енгізілді. Жедел ақпарат егістіктен өндірісті басқару орталығына келіп түсіп, күнделікті есеп ҚАТУ-не жіберілді.
Осы жолғы көктемгі егіс жұмыстарының тағы бір айрықша ерекшелігі – сүрі танаптарды өңдеу де қарқынды жүрді. Бұрын сүрі танаптарды өңдеу егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін  жүргізілсе, осы жылы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы тиімді жоспарлау бұл жұмыстарды егіспен қатар жүргізуге мүмкіндік берді. Н.Серекпаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1454 гектардан 1362 га, яғни 88 пайызы өңделді. Бірінші өңдеу- механикалық өңдеу жүргізілді, артынан  жерді тыңайту керек. Келесі жылы да  егіске арналған сүрі танаптарды осылай ұқыпты өңдеу жақсы өнім алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазіргі уақытта Орталықтың жалақы және басқа да міндетті төлемдері бойынша қарызы жоқ. Егіс науқанында әлеуметтік қолдау ретінде көктемгі егіс жұмыстарына тартылған жұмысшыларға тамақтанудың  75%  мөлшері жұмыс беруші есебінен  төленді.
Көктемгі егіс кезеңінде ауа-райының жақсы болуы, қалыпты техника, білікті кадрлар мен еңбектің жоғары деңгейде  ұйымдастырылуы маңызды рөл атқарды. Н.Серекпаев Орталықтың барлық қызметкерлеріне атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтты.
Қазіргі уақытта Орталық ауылшаруашылық техникасын арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғайтын шараларға дайындайды. Қазіргі уақытта  қырмандағы қойма жайлары жаңа дақылдың өнімін алуға дайындалып жатыр. «Жаздық күн жыл асырайды» -деген мақалға сәйкес, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ауылшаруашылық жобаларын талмай жүзеге асыруда.
скачать dle 12.0
726 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх