Қазақстанда алғаш рет адам ағзасына қажетті А және Д дәрумендерімен байытылған күнбағыс майы ҚАТУ -дың май цехында шығарыла бастады


Жаңалықтар
С.Сейфуллин атырдағы ҚАТУ дың  Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы  кафедрасының өсімдік майлары цехында, елімізде алғаш рет А және Д дәрумендерімен байытып тазартылған күнбағыс майының алғашқы тәжірибелік партиясы шығарыла бастады.
Біз «Қазақстанның - май одағы» қауымдастығының президенті Константин Невзоровтан жобаның мақсаттары мен madein KATU өнімдерін жаппай өндіру туралы өз ойын айтып беруін сұраған едік.
-Константин, бүгін біз айтулы оқиғаның куәсі болдық. Дегенмен бізде дәрумендермен байытылған өсімдік майын тұтынушылардың сұранысы қаншалықты, осыған сәйкес  мұндай өнімді өндіруге негіз бар ма?
-Бүгін өте  маңызды оқиға болды. Біз екі жылдан бері қолға алған жобамызды бастадық. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өсімдік майын фортификациялау бойынша алғашқы сынақтар жүргізілген тәжірибелік алаң ретінде май өндіру саласында  тарихқа еніп отыр деп сенімді түрде айта аламыз. ҚАТУ мен Қазақ тамақтану академиясының үйлесімді альянсының арқасында қажетті және сұранысқа ие өнім жасалды. Жасыратын ештеңесі жоқ, біздің елде тағам өнімдерінде дәрумендер жетіспейді.  Айталық, D дәрумені  ересектерде де, балаларда да жеткіліксіз. Сонымен қатар, бұл бүкіл ағзаның толыққанды жұмыс істеуіне, дамуына әсер ететін өмірлік маңызы бар дәрумен. Бұл мәселеде арнайы жұмыс тобы құрылды. Ал жобаның жұзеге асуына мүмкіндік жасаған  халықаралық жобалар директоры, Қазақ тамақтану академиясының  микроэлементтер бөлімінің жетекшісі Шәміл Тәжібаев болып отыр.  Шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  тікелей қолдауымен жүзеге асты. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың  Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің  технологиясы кафедрасы ғалымдарының қатысуымен университеттің тәжірибелік алаңында үлкен жұмыс жүргізілді. ҚАТУ май цехы іс жүзінде ірі зауыттың кіші-нұсқасы болып табылады. Жабдықтары мен мүмкіндіктері жағынан ол ірі зауыттардан кем түспейді. Алайда, цехтың шағын көлемін ескере отырып, дәл осы жерде алдын-ала эксперименттер жүргізу ыңғайлы әрі жылдам болды деп шештік. Меніңше бұл шешім дұрыс болып отыр.
Сұраныс пен сату нарығына келетін болсақ, қазірдің өзінде бірнеше шетелдік өндірістік компаниялар, оның ішінде Өзбекстан мен Ауғанстан өндірушілері қызығушылық танытуда.
-Пилоттық жоба ауқымды түрда өндіріске қалай енеді?
- Қазірдің өзінде нұсқаулар бар, өндірісті ішкі және сыртқы бақылауды Қазақ тамақтану академиясы жүзеге асырады. Байытылған майдың стандарттары жасалды, тек технологияны қатаң  түрде біріздендірген кезде ғана фортификацияланған өсімдік майын жаппай өндіруді бастаймыз.
-Күнбағыс майын әдетте бізде  үй шаруасындағы әйелдер кеңінен пайдаланады: оны қуырады, қайнатады  т.б.  Дәрумендерге бай май өнімі қатты қызған уақытта   пайдалы қасиеттерін жоғалтып алмайма?
-Біз осы бір тұсты қатаң ескере отырып мейілінше жұмыс жасадық.  Өзіңіз айтып отырған жағдайда, майда дәмдік және тағамдық қасиеттері жоғалмайды. Біз А дәруменінің  өнімде тұрақты қалуын мұқият зерттедік. Әдетте витамин өз қасиетін күндізгі тікелей сәуле түскен жағдайда  жоғалтады. Демек  жарық пен жылу витаминдердің пайдалы қасиеттерін төмендетеді деген сөз. Осының барлығы зерделеніп, дәруменнің қасиеттерін сақтайтын арнайы схема жасалды.
- ҚАТУ-мен ынтымақтастық туралы айтып берсеңіз? Болашақта қандай жобаларды күтуге болады?
-Біз С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен 4 жылдай достықта жұмыс жасаймыз. Осы уақыт аралығында май цехының бастығы Ж.Сатаевамен тығыз ынтымақтастықта болып келеміз. Тіпті бірлескен семинарлар өткізіп, ғылыми кадрларыңызды барлық білім беру бағдарламаларына қатыстырып отырамыз. Бір айта кетерлігі жақында тұтынушылар арасында ерекше танымалдылыққа ие зығыр майы да дәрумендермен байытылуы ықтимал. Ол туралы да бірлескен жобалар бар.
 
ҚАТУ-дың Өсімдік майларын шығаратын тәжірибелік цехы  2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Май цехы негізінен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу, зертханалық, практикалық сабақтар, зерттеу тәжірибелерін өткізуге арналған.. Май цехында өсімдік майларын өндіру үшін күнбағыс, зығыр, сафлор, рапс және соя тұқымдары өңделеді. Кафедра ғалымдары, магистранттар мен докторанттар дәстүрлі емес шикізат түрлерінен май алу бойынша зерттеулер жүргізед. Ондағы сапа көрсеткіштерін зерттейді. Өсімдік майларын өндіру технологиясын жетілдіру және терең өңдеу бойынша жұмыстар жүргізеді.  Май және май өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандар машықтанып даярланады..
Әлемдегі ең ірі химиялық концерн BASF, қоректік заттар өндірушісі, BASFTestKit мобильді екі сынақ жиынтығын университетке сыйға тартып отыр. Олар тамақ құрамындағы А және Д дәрумендерінің концентрациясын және өсімдік майларын байытуға арналған А және Д дәрумендерінің премиксін бағалауға мүмкіндік берді.
Жоба менеджері, халықаралық жобалардың директоры, Қазақ тамақтану академиясының микроэлементтер бөлімінің бастығы Ш.Тәжібаев, жоба үйлестірушісі А.Ильясова, Клаус Сондергард, BASF ғаламдар бірлестігінің өкілдері  және техникалық маркетинг мамандары,  сонымен бірге май цехының басшысы З. Сатаева пилоттық желіні іске қосудың қашықтықтан жүргізілген шарасына қатысты.
Дереккөзhttps://kazatu.edu.kz/kk/news/Kazakstanda-algash-ret-adam-agzasina-kajette-A-jane-D-darumenderemen-bayitilgan-kunbagis-mayi-KATU--din-may-cehinda-shigarila-bastadi-9678.htmlскачать dle 12.0
584 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх