А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның жаздық бидай селекциясы зертханасында будандастыру (гибридизация) процесі жүргізілуде


Жаңалықтар



А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның жаздық бидай селекциясы зертханасында будандастыру (гибридизация) процесі жүргізілуде.
Оның мақсаты – кешенді шаруашылық құнды белгілері бар жаңа бастапқы материал жасау.
Будандастыру буданда аналық және аталық формасынан алынған құнды белгілерді біріктіруі үшін жасалады.
Бұл үдеріс биотикалық және  абиотикалық факторларға төзімділігі, астық сапасы  және өнімділігі жоғары жаңа сорттарды жасауға мүмкіндік береді.
«Бидай - өзін-өзі тозаңдандыратын дақыл, біз пинцетпен тозаңдатқыштарды алып тастап, гүлдерге кастрация жасаймыз. 3-5 күннен кейін осы гүлдерге тозаң жағылады. Жасанды ұрықтандыру жүзеге асырылады. Бұл сұрыптау процесінің басталуы, бейнелеп айтқанда 1 тұқымнан жаңа сорт аламыз », - дейді зертхананың аға ғылыми қызметкері Шелаева Татьяна Васильевна.
Жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасы «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің ғылыми бөлімшесі болып табылады, зертханалық зерттеулерінің негізгі бағыты: Солтүстік Қазақстан жағдайында абиотикалық және биотикалық экологиялық факторларға төзімді жаздық жұмсақ бидайдың бәсекеге қабілетті сорттарын құру. Тағы бір маңызды бағыт - Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген жаздық жұмсақ бидай сорттарын көбейту.
скачать dle 12.0
920 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх