Фенонологиялық бағалау жүргізілді
Жаңалықтар
"Таймас" сорты өсіп дамуының негізгі кезеңдерінде құрғақшылыққа жоғары төзімділік танытатынын тағы да дәлелдеді.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО жаздық бидай селекциясы бөлімінде жаздық бидайдың селекциялық желілеріне фенонологиялық бағалау жүргізілуде.
Осы жылдан бастап мемлекеттік сорт сынағында тұрған "Таймас" жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортының егістерін бағалауды жаздық жұмсақ бидай селекциясы тобының аға ғылыми қызметкері Т. В. Шелаева жүргізеді.
Сонымен қатар, жаңа сорттың құрғақшылыққа төзімділігіне бағалау жүргізілген болатын. Шілде айында селекциялық материалды құрғақшылыққа бағалаудың ерекше мүмкіндігі туды, мәселен, жауын-шашынның аз ғана мөлшері түсті, құрғақ жерлерде ауаның температурасы жоғары болды.
"Таймас" сорты өсіп дамуының негізгі кезеңдерінде құрғақшылыққа жоғары төзімділік танытатынын тағы да дәлелдеді.
1 162 -рет қаралды