БИОХИМИЯ МЕН СЕЛЕКЦИЯ САПАСЫ ЗЕРТХАНАСЫ
Орталық туралы / Лабораториялар
1972 жылы негізі қаланған.
Зертхана меңгерушісі — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Светлана Михайловна Дашкевич.
Дән сапасына бағытталған селекцияны жетілдіру мақсатында, 1959 жылы С.С.Синицын Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС) бидайдың селекциялық материалының технологиялық қасиеттерін зерттеу жөніндегі зертхананы ұйымдастырды, оның құрамында 7 адам болды. Селекцияның ең соңғы кезеңдерінде дән сапасын кешенді бағалауды жүзеге асыру үшін, 70-жылдары зертханаға қамырдың физикалық қасиеттерін, ұндық-нандық қасиеттерін анықтайтын құрал-жабдықтар (альвеограф, фаринограф; механикаландырылған қамыр илегіш, қамырдың көтерілуіне арналған шкаф, айналмалы оттығы бар электр пеші), т.б. алынды. Бұл селекциялық материал мен алынып жатқан жаңа сорттардың дән сапасына, салыстырмалы түрде, толықтай сипаттама беруге жол ашты.
Өсімдік биохимиясы зертханасы 1972 жылы В.И. Грачевтің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Биохимия саласындағы бастапқы зерттеулер агротехникалық шаралар мен топырақтық-климаттық жағдайлардың дәнді дақылдардың қоржинағыш органдарында белоктың жинақталуына қалай әсер ететінін зерттеуге бағытталды. Белок, лизин, аминқышқылдық құрам үлесі жоғары және кумарин үлесі төмен үлгілерді анықтау мақсатында, селекциялық процестің барлық кезеңдерінде дәнді және мал азығындық дақылдардың тағамдық және жем-шөптік құндылығын бағалау жүргізілді, сонымен бірге, генотипке байланысты бидай дәнінің белоктық және көмірсулық кешенінің сапалық құрамындағы өзгерістер айқындалды. 2013 жылы дәннің технологиялық сапасын бағалау және өсімдік биохимиясы зертханаларын біріктіру нәтижесінде биохимия және селекция сапасы зертханасы құрылды.
Зертхана меңгерушісі Светлана Михайловна Дашкевич, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты; ғылыми ізденіс-зерттеулерін ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы, ауылшаруашылығы өнімінің сапасын бағалау бағыттарында жүргізеді. Көпжылдық дәнді өсімдіктер, жаздық жұмсақ және қатты бидай, майлы және дәнді-бұршақ дақылдары сорттарының авторы. Бидайдың Целина 50, Шортандылық 2012 және Асыл сапа; егістік бұршақтың «Касиб»; күнбағыстың Жайдарман;орташа бидайық, жалпақмасақты еркекшөп, шалғындық тарлау қияқ, тік өсетін арпабас, жаздық рапс сорттарынаавторлық куәлігі бар.
Зертхана қызметкерлері: аға ғылыми қызметкер — Марал Оралұлы Өтебаев, «Биотехнология» мамандығы бойынша Тюмень мемлекеттік университетінің аспиранты. Табиғи қосылыстар химиясы, молекулярлық биология салалары бойынша зерттеулер жүргізеді, Майбұлақ жаздық рапс сортының авторы.
Кіші ғылыми қызметкер Ирина Владимировна Чилимова, мал азығындық, дәнді-бұршақ, майлы дақылдар сапасын бағалауға маманданған, бұршақтың Статус, кәдуілгі жасымықтың Крапива, құбылмалы жоңышқаның Люция 14 сорттарының авторы.
Кіші ғылыми қызметкер Оксана Олеговна Крадецкая, майлы және дәнді дақылдардың сапасын бағалаумен айналысады, жаздық рапстың Майлы дән, күнбағыстың Күн Нұры сорттарының авторы.
Биохимия және селекция сапасы зертханасы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның «Топырақ және өсімдік өнімінің сапасын анықтау жөніндегі сараптамалық орталығының» құрамына кіреді, бұл орталық Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестікке аккредиттелген, 2014 жылғы 15 қыркүйектегі №KZ.И.03.1538 аккредиттеу аттестаты берілген.
Жұмыс барысында инфрақызыл анализаторларды пайдалана отырып, сапа көрсеткіштерін анықтаудың химиялық, экспресс-әдістері қолданылады, құралдар мен жабдықтар арқылы мемлекетаралық, ұлттық және халықаралық стандарттарға сай сапаны бағалау жүргізіледі.
Зертхананың негізгі міндеттері:
— селекцияның түрлі кезеңдерінде ауылшаруашылығы дақылдарының сапасын биохимиялық және технологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу;
— жаңа технологиялар жасау процесінде биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерді бақылау;
— ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне өнім сапасын бағалау бойынша қызметтер көрсету.
Қазіргі таңда зертханадағы ғылыми қызмет мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
— бидай дәнінің сапасынселекцияның ерте кезеңдерінде, яғнижоғары сапалы генотиптерді іріктеу белок үлесі мен седиментация бойынша жүргізілетін гибридтеу тәлімбағынан бастап, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау;
— алдын-ала және байқау мақсатындағы сортсынақтарында толық технологиялық талдау жүргізу; бұған ГОСТ 1046-2008 стандартына сәйкес тауарлық көрсеткіштерді (ылғалдылығы, дән көлемінің салмағы, ұлпаның үлесі мен сапасы) анықтау, альвеограф пен фаринографтан өткізу, нандық-ұндық бағалау мен қатты бидай макаронын тауарлық-техникалық бағалау жатады.
— қордағы белок-глиадин, глютенин, гордеин, авенин электрофорезі әдісі арқылы сорттық материалдың тұрақтылығы мен біртектілігін идентификациялау; альфа-амилазаның полиморфизмдік қасиетін зерттеу;
— қатты бидайда каротиндік пигменттердің жинақталуын зерттеуді жүргізу;
— майлы дәндердің (рапс, күнбағыс, зығыр) сапасын майлылығына, протеин үлесі мен майдағы майқышқылдары (қаныққан және қанықпаған қышқылдар) құрамына, глюкозинолаттар мен рапстағы эрук қышқылы үлесіне қарай анықтау;
— макроэлементтер (NPK), құрғақ заттар, шикі протеин, күл, май, шикі және детергенттік клетчатка, қант пен каротиннің үлесін, сондай-ақауыспалы қуат пен азықтық бірлік көрсеткішін анықтау арқылыкөпжылдық дәнді және бұршақ дақылдарының химиялық құрамы мен азық-түліктік құндылығын көрсету;
— дәнді-бұршақ дақылдарының (бұршақ, нут, жасымық) жоғары сапалы генотиптерін іріктеу мен бағалау;
— жаңа технологиялар жасау процесінде биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерді бақылау.
2 284 -рет қаралды