ДӘНДІ-БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫ


Орталық туралы / Лабораториялар
Дәнді-бұршақ дақылдары селекциясы бойынша зерттеулер 1958-1959 жылдары басталды.
Дәнді-бұршақ дақылдары селекциясы бойынша зерттеулерге 1958-1959 жылдары зертхана меңгерушісі И.М. Буданов жетекшілік етті. Дәнді-бұршақ дақылдарының әр түрінің, алуан түршелері мен экотиптерінің түрлі қасиеттері, ерекшеліктері зерттеліп, тәлімбақта іріктеулер мен будандастыру жұмыстары жүргізілді. Дәнді-бұршақ дақылдарын селекциялау бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысында, үш жыл ішінде зертхана қызметкерлері күшімен, гибридтеу және жеке сұрыптау әдістері арқылы өсіп-өну кезеңі нақты осы аймақ үшін қысқа және орта мерзімге сәйкесетін, аскохитоз және басқа да зең ауруларына шалдығу көрсеткіші өте төмен болып келетін 22 бұршақ желісі алынды.

Дәнді-бұршақ дақылдары бойынша зерттеулерге 1963 жылы зертхана меңгерушісі И.С. Бородкин басшылық жасады, орындаушылар — аға ғылыми қызметкер Р.Т.Мартынюк, кіші ғылыми қызметкерлер С.К. Швидченко мен Машохина. Бұршақтың жаңа сорттарын алуда негізгі әдіс қарапайым және күрделі будандастыруды қолдану арқылы топшілік гибридтеу болды, соңынан мықты гибридтік өсімдіктер мен олардың тұқымдары іріктеліп алынды. Кейіннен БАШҒЗИ-дің селекциялық жұмыстары дәнді дақылдардың, негізінен, Солтүстік Қазақстанның далалық аймағы жағдайына арналған жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сорттарын шығаруға бағытталып, дәнді-бұршақ дақылдарын селекциялау бойынша зерттеулер қысқартылды.

1999 жылы дәнді-бұршақ дақылдары бойынша зерттеулер қайта жандандырылып, дәнді-бұршақ тұқымдастарыныңгендік қоры және майлы дақылдар селекциясы зертханасы ашылды, оның меңгерушілігіне Р.М. Сүлейменов тағайындалды. Зерттеу мақсатында жинақтау және дәнді-бұршақ дақылдарының (бұршақ, нут, жасымық) генетикалық қорын құру жұмыстары жасалып, жекелеген немесе кешенді шаруашылық-құнды қасиеттерге ие үлгілерді анықтау мақсатында коллекцияларды жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бастапқы жұмыстарда ISARDA халықаралық орталығының тәлімбағы, әлемдік коллекция үлгілері пайдаланылып, селекциялық материалдар жасалып, Сібір АШҒЗИ және Бүкілресейлік ДБжЖДҒЗИ ғалымдарымен шығармашылық әріптестік жөніндегі келісімдер ұсынылды.

2006 жылдан бері ҚР Биотехнологиялардың ғылыми орталығымен бірлескен жұмыстар барысында биотехнологиялық әдістер қолданылып келеді, сондай-ақ бұршақ геномының гормоналдық экспрессиясы мәселелері, өсуді реттеушілердің генетикалық ақпаратты жүзеге асыруға қатысуы, фитопатогендік зеңдердің улағыш метаболиттеріне бейімделу процесіндегі генотиптердің күйзелісі зерттелді. Бұршақтың зеңдік ауруларының негізгі қоздырғыштарының ерекшеліктері мен физиологиялық қасиеттері зерттелді. Жасушалық селекция негізінде бұршақтың  зеңдік аурулар қоздырғыштарына төзімді болып келетін жаңа генотиптері жасалды.
скачать dle 12.0
2 769 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх