ГЕНДІК ҚОР ЗЕРТХАНАСЫ
Орталық туралы / Лабораториялар
1996 жылы негізі қаланған.
Гендік қор зертханасы 1996 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.М. Тысленконың жетекшілігімен құрылды.
Зертхананы құруға жаңа алынған сорттарға қойылатын талаптардың күшеюі себеп болды: олар жоғары өнім берумен қатар, экологиялық бейімділік қасиетіне ие болуы, дән сапасының жоғары болуы, қазіргі заманғы агроландшафтық егіншілік талаптарына жауап беруі керек еді.
Мұндай сорттарды алу селекциялық бағдарламаларға биологиялық және шаруашылық-құнды қасиеттер мен қабілеттер көзі ретінде әлемдік гендік қорды жан-жақты тарту арқылы ғана мүмкін болар еді. Сондықтан да тез арадаөсімдік қорларын сақтауға, зерттеуге және тиімді пайдалануға, сондай-ақ өсірілетін дақылдардың генетикалық әралуандылығын жасап, көбейтуге, паспорттауға, қазіргі кезеңде өте өзекті болып табылатын тұқымды сақтау мен жаңартуға бақытталған жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі туды.
Зертхананың негізгі міндеті дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдардың генетикалық әралуандығын жүйелі түрде зерттеу мен толықтыру, ақпараттық база жасақтау болып табылады, селекциялық құндылыққа ие белгілер бойынша коллекциялар құру өз әлеуетін тұрақты түрде жүзеге асыруға қабілетті сорттар жасап шығаруды жеделдетуге және бағдарламалардың өзіндік құнын 20 пайызға дейін кемітуге мүмкіндік береді.
Зертхана жетекшісі:
Юрий Юрьевич Долинный — 2018 жылдан бері.
Зертхана құрамы:
Зертхана құрамында 8 адам бар, олардың біреуі — ғылыми қызметкер, екеуі кіші ғылыми қызметкер және 4 лаборант.
Негізгі міндеттер:
— Дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдардың гендік қорын жабайы өсетін түрлер мен үздік селекциялық желілер арқылы толықтыру;
— Дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдардың гендік қорын жабайы өсетін түрлер мен үздік селекциялық желілер арқылы толықтыру;
— Маңызды биологиялық және шаруашылық-құнды қасиеттер бойынша кешенді жүйелі зерттеу жүргізіп, оларды зертханалық тұрғыдан бағалау;
— Ақпараттық мәліметтер банкін қалыптастырып, гендік қорды құжаттау;
— Дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдардың гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету. Бес жылдан артық мерзімде сақтаулы үлгілерді қайта қалпына келтіру;
— Шаруашылық-құнды қасиеттер көздерін селекциялық бағдарламаларға пайдалануға беру.
Негізгі жетістіктер:
ҚР ауыл шаруашылығы дақылдары коллекциясын қалыптастыру мен сақтау ісін ұйымдастыруға, зерттеуге, толықтыруға бағытталған 5 жобаны әзірлеу мен орындауға қатысып отыр:
— 2009-2011 жж. «Шаруашылық-құнды қасиеттер көздері мен донорларын бөліп көрсету арқылы, бидайдың генетикалық қорларын жинау, консервациялау, кешенді зерттеу және құжаттау»;
— 2012-2014 жж. «Солтүстік Қазақстанда дәнді, дәнді-мал азығындық, мал азығындық дақылдардың генетикалық қорын жерсіндіру, зерттеу, қалыптастыру және сақтау»;
— 2015-2017 жж. «Қазақстан Республикасының түрлі табиғи-климаттық аймақтарында селекциялық бағдарламаларға мақсатты түрде пайдалану үшін, дәнді, дәнді-мал азығындық және жармалық дақылдардың генетикалық қорын кешенді зерттеу, консервациялау және мобилизациялау»;
— 2015-2017 жж. «Солтүстік Қазақстанға арналған дәстүрлі емес көпжылдық мал азығындық дақылдар және жаздық тритикале»;
— 2015-2017 жж. «Солтүстік Қазақстан жағдайына арналған мал азығындық жаздық тритикаленің селекциялық материалын жасау».
Нәтижелері:
Зертхана өз жұмысын бастағалы бергі жылдарда жұмсақ және қатты бидайдың, арпаның, сұлының, тритикаленің 28000-нан астам үлгісі зерттелді. Зерттеу барысында 2 мыңның шамасында селекциялық қасиеттері де, жергілікті жағдайларға бейімділігі де бар көздер табылды. Бұлар селекцияға іс жүзінде пайдалану үшін, Орталықтың селекционерлеріне, Павлодар АШҒЗИ-іне, ҚР Биотехнологиялардың ұлттық орталығына, С. Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ-ға, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасына, Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ҒЗИ-іне берілді.
Тимириязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы және Ақмола аграрлық университетінің биотехнологиялық орталықтарымен бірлесіп, ҚазАШҒЗИ селекциясының Целиноградка, Велитюнум 30, Пиротрикс 28, Ишимская 88, Целинная 21, Целинная юбилейная жаздық жұмсақ бидай сорттарынан алынған өсімдік-регенераттарын зерттеу мен көбейту мақсатындағы жұмыстар жүргізілді. Бірлескен зерттеулер нәтижесінде тез арада жаздық жұмсақ бидайдың Кенжеғали, Достық, Бәйтерек сорттары шығарылды. Жылыжайда өсірілген гибридтік және тұрақты материалдың сан алуан түрінен ең тәуірлері іріктеліп алынып, 2-3 жыл мерзімге жеделдетілген мемлекеттік сорт сынағына тапсырылды. Бұл — Ишимская 88, Лютесценс 94, Ишимская 90, Ишимская 92, Целинная 3с, Целинная юбилейная жаздық бидай сорттары және Целинный 91 арпа сорты.
Өсімдіктердің генетикалық қорын жинақтау, зерттеу, сақтау және пайдалану бағытындағы әріптестіктер көкжиегі кеңейіп келеді. Соңғы үш жылда Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институтымен (жаздық жұмсақ бидайдың — 97; қатты бидайдың — 15, арпаның — 45, сұлының 30 үлгісі алынды), Сібір өсімдік шаруашылығы және селекция ҒЗИ-мен (жұмсақ бидайдың — 17; арпаның — 10 үлгісі алынды), Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-мен (жаздық жұмсақ бидайдың — 2; қатты бидайдың — 2, арпаның — 2, сұлының 1 үлгісі алынды), Белоруссия ҰҒА егіншілік жөніндегі ҒӨО-мен (жаздық жұмсақ бидайдың — 19; арпаның — 27, сұлының 9 үлгісі алынды), Украинаның В.Я. Юрьев атындағы өсімдік шаруашылығы институтымен (жаздық жұмсақ бидайдың — 20; жаздық тритикаленің 3 үлгісі алынды), Тюмень мемлекеттік университетімен (жұмсақ бидайдың — 10; арпаның — 8 үлгісі алынды) шығармашылық келісімдер жасалды.
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында әлемнің 155 елінің өкілдері әзірлеп, мақұлдаған «Өсімдіктердің генетикалық қорын сақтау және азық-түлік пен ауыл шаруашылығы үшін тұрақты пайдалану жөніндегі Әлемдік іс-қимылдар жоспарын» іске асыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін өсімдіктердің генетикалық қоры бойынша жалпы мәліметтер базасы қойылған веб-парақша жасау жоспарланған. Осы мақсатта зертханада «Қазақстанның өсімдіктері генетикалық қорын сақтау мақсатындағы іс-қимылдардың Әлемдік жоспарын орындау бойынша ақпараттар алмасудың ұлттық механизмі» бағдарламасының компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін, сорттар жөніндегі ақпараттар, жобалар, жарыққа шыққан еңбектер, мақалалар және каталогтар жинақталып жатыр.
Зертхана қызметкерлері «Орталық Азия өңіріндегі өсімдіктердің генетикалық қорын тізімге алу және құжаттау» жобасы аясында, ИКАРДА-ның Ташкент қаласындағы өңірлік өкілдігінің ұйымдастыруымен өтетін кеңестер мен тренингтерге қатысып жүр. Осы жобаны жүзеге асыру барысындаөсімдіктердің генетикалық қорынхалықаралық стандарттарды пайдаланып құжаттау бойынша жұмыстар жасалуда. Мәліметтердің ақпараттық банкін қалыптастырудың түпкі нәтижесінде, жобаға қатысып отырған Орталық Азия және Кавказ өңірлерінің Ұлттық зерттеу университеттері арасында ӨГҚ және ex sityколлекциясы бойынша өзара ақпараттар алмасу қол жетімді болмақ.
Осы жоба аясында зертхана қызметкерлері Солтүстік және Орталық ҚазақстанҰлттық зерттеу университеттерінің ӨГҚ тізімге алу және құжаттау бойынша жұмыстарын үйлестіруге атсалысып отыр.
Экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі 3185 сорт пен гибридтік түрлер қамтылған мәліметтердің ақпараттық банкі құрылды.
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нда бүгінгі күні дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдардың 6100-ден астам сортүлгілері (жаздық жұмсақ және қатты бидай, жаздық арпа, сұлы, жаздық тритикале) сақталып отыр.
Жүргізілген зерттеулер бойынша мынадай еңбектер жарыққа шықты:
1.А.И.Бараев атындағы ҚазАШҒЗИ-дің алқаптық дақылдар гендік қорының әлемдік коллекциясы каталогы.// Ю.И.Зеленский, В.Г.Соловьева. Шортанды. 2001 жыл. -133 б. ISBN 9965-9165-4-1.
2. А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның алқаптық дақылдар гендік қорының әлемдік коллекциясы каталогы.//Р.Н.Оковитая, а.ш.ғ.к., Л.Н.Казанцева, Т.В.Лада. ҚР АШМ «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» РМК, Шортанды. 2005 жыл. – 39 б. ISBN 9965-9477-8-3.
3. А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның ауылшаруашылығы дақылдарының каталогы.// Г.И. Штефан, Л.Н. Казанцева, Э.И. Фердерер, Н.Н. Слепкова, С.А. Бабкенова, а.ш.ғ.к. З.П. Лузиной, а.ш.ғ.к. В.И. Коберницкий. Шортанды. 2008 жыл. – 34 б. ISBN 9965-407-40-1.
4. А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдарының каталогы.// Г.И. Штефан, Г.Н. Иванова, Э.И. Фердерер, а.ш.ғ.к. С.А. Бабкенова, а.ш.ғ.к. С.М. Дашкевич. Шортанды. 2011 жыл,-30 б. ISBN 9965-407-82-7.
5. А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның дәнді және дәнді-мал азығындық дақылдарының каталогы.// Г.И. Штефан, Г.Н. Иванова, Э.И. Фердерер, а.ш.ғ.к. С.А. Бабкенова, а.ш.ғ.к. С.М. Дашкевич. Шортанды. 2014 жыл. – 30 б. ISBN 978-601-7341-23-7.
6. А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның ауылшаруашылығы дақылдарының каталогы. (2-басылымы)// Г.И. Штефан, Л.Н. Казанцева, Э.И. Фердерер, а.ш.ғ.к. С.А. Бабкенова, а.ш.ғ.к. С.М.Дашкевич. Шортанды. 2008 жыл. – 25 б. ISBN 978-601-7341-63-3.
Халықаралық әріптестік:
Халықаралық байланыстар — СИММИТ, ИКАРДА, Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (БӨШҒЗИ, Санкт-Петербург, Ресей), Ресей АШҒА-ның Сібір АШҒЗИ (Омск, Ресей), Белоруссия ҰҒА егіншілік жөніндегі ҒӨО (Жодино, Беларусь), Украинаның В.Я. Юрьев атындағы өсімдік шаруашылығы институтының ӨГҚ ұлттық орталығы (Харковь, Украина)— коллекциялық материалдар алмасу.
Зертханамен байланыс орнату:
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды 1 ауылы, Бараев көшесі, 15, гендік қор зертханасы. Юрий Юрьевич Долинный — зертхана меңгерушісі.
Тел./факс: (8-71631)-23-0-29, (8-71631)-23-0-32, ұялы +7 747 994 19 37, e-mail:ura_dolin@ mail.ru.
3 435 -рет қаралды