ӨСІМДІКТЕРДІҢ АУРУЛАРҒА ЖƏНЕ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТІ ЗЕРТХАНАСЫ


Орталық туралы / Лабораториялар
Зертхана 1971 жылы құрылды.
Зертхананың қысқаша тарихы
Өсімдіктердің зиянкестер мен ауруларға қарсы иммунитеті зертханасы 1971 жылы өсімдіктерді қорғау бөліміне қарасты бұрынғы фитопатология зертханасы базасында құрылған. Бұл іске өсімдіктердің иммунитетіне қатысты зерттеулерге жетекшілік еткен Л.М. Городилова бастамашы болды. Өсімдік сабағын зақымдайтын зеңге қарсы төзімділік мәселесі төңірегінде зерттеулер жүргізген В.В.Плахотник селекция саласы бойынша ғылымға зор үлес қосты. Ол осы аурудың Солтүстік Қазақстан жағдайында таралу ерекшеліктерін зерттеп, шаруашылық маңызы бар екі түрінің жиі кездесетінін анықтады: қара бидай және бидай.

70-жылдары селекциялық бағдарламаларда бидайдың сабақты зақымдайтын зең мен құба зеңге қарсы төзімділігі жоғары түрлерін алуға септігі бар қосымша әдіс ретінде химиялық және радиациялық мутагенезге ерекше назар аударылды. Л.А.Троицкаяның жетекшілігімен БАШҒЗИ-дің иммунитет зертханасында құба зеңге төзімді 60-қа жуық мутант алынды.

1957-1960 жылдар аралығында зертханада Г.С. Бьядовскийдің жетекшілігімен Тың өлкесіндегі ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдайтын зиянкестердің түрлері жағынан құрамын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді.

1970-жылдары зертхана қызметкерлері В.П.Лахманованың жетекшілігімен дәнді дақылдар зиянкестерін олардың жаппай көбейетін ошақтарында залалсыздандыру бойынша аймақтық кешенді шаралар жүйесін жасаудың биологиялық негіздерін әзірлеу мәселесі бойынша зерттеулер жүргізді.

1996-2004 жылдар аралығында зертхананы Н.Я.Меновщикова басқарды, ол жаздық бидай, арпа, сұлы және тарының қаракүйе мен зең ауруларына төзімділігі жөніндегі бастапқы материалдарды зерттеумен айналысты.

Өсімдіктердің зиянкестер мен ауруларға қарсы иммунитеті зертханасында қазіргі күні ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты С.А. Бабкенованың жетекшілігімен дәнді, дәнді-бұршақ және жарма дақылдарын қаракүйе мен зең ауруларына төзімділік көздері негізінде топішілік гибридтеу әдісімен селекциялау үшін, жаңа бастапқы материалдар жасау мақсатындағы жұмыстар жүріп жатыр. Көпгендік желі негізінде құба және сабақты зақымдайтын зеңдерге төзімді тиімді гендер анықталу үстінде, сонымен қатар жаздық жұмсақ бидай гибридтерінің құба зеңге төзімділігінің тұқымқуалаушылық сипаттары зерттеліп жатыр.

2015-2017 жылдары «Молекулярлық биология әдістерін қолдана отырып, септериоз қоздырғыштары түрлерінің әралуандығын зерттеу және ассоциативтік селекция маркері негізінде септериозға төзімді бастапқы материал алу» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін грант қаржысына ие болды. Жаздық бидай сорттарындағы Septoria тұқымдас зеңдердің түрлік құрылымына жүргізілген микологиялық сараптама қорытындысында олардың негізгі үш түрі анықталды: S.tritiki, S.nodorum, S.avenae f.sp. tritikea. Төзімділік гендеріне молекулярлық-генетикалық таңбалау ісін жүргізу барысында Stb-8 тиімді төзімділік гені тектес 12 үлгі анықталды.

2018-2020 жылдары «Септериозға берік әрі төзімді сорттардың ролі және агроценоздың фитосанитарлық жағдайын тұрақтандыру кезінде оларды өсіріп-баптау технологиясы» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін грант қаржысына ие болды.

Зертхана жұмысының ғылыми бағыттары:

1. Жаздық бидай, арпа, сұлы және тарының бастапқы және селекциялық материалдарының, жасанды індет  пен өршітушілік ықпалына ұшыраған жағдайда, қаракүйе мен зең ауруларына, септериоз бен сабақ ішіне жасырынған зиянкестерге төзімділігін зерттеу;

2. Солтүстік Қазақстанның далалық және орманды-далалық аймақтары жағдайындағы бидай септериозы қоздырғыштары жиынтығының түрлік құрылымдарын зерттеу;

3. Бидай септериозының дамуына алдыңғы егілген дақылдар мен түрлі технологиялардың әсерін анықтау.

Ғылыми жетістіктер:

1. Жаздық бидайдың Асыл сапа, Целина 50, Владимир және Шортандылық 2007 сорттарына патенттер алынды.

2. Монографиялық еңбек әзірленіп, маңыздылық көрсеткіші бар шетелдік ғылыми журналдарға 5 мақала жарияланды.

Халықаралық байланыстар:

Мәскеудегі Бүкілресейлік фитопатология ҒЗИ-ымен және Санкт-Петербургтегі Бүкілресейлік өсімдік қорғау институтымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жарыққа шыққан еңбектер мен мақалалар:

Бір монография мен Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 11 ұсыныс-кеңес әзірленді, 50 ғылыми мақала, оның ішінде маңыздылық көрсеткіші бар шетелдік ғылыми журналдарға 5 мақала жарияланды.

1. Sandukash A. Babkenova, Adylkhan T. Babkenov,Tamara M. Kolomiets, Ekaterina S. Skolotneva,Mikhail G. Divashuk Molecular genetic tagging of wheat varieties genes resistant to Septoria tritici in northern Kazakhstan// International Journal of Green Pharmacy. - 2017 (Suppl) • 11 (3).- Р. 430-437.

2. Elmira Dyussibayeva, Abilbashar Seitkhozhayev, Aigul Tleppayeva, Nursaule Zhanbyrshina, Sandukash Babkenova and Aiman Rysbekova Study of the millet varieties and samples with respect to resistance against dusty smut//Еcology, environment and conservation VOL. 23 (2): 2017.- Р. 852-858.

3. O.И. Зайцева, А.А. Буракова, А.Т. Бабкенов, С.А. Бабкенова, М.У. Өтебаев, В.А. Лемеш// Жұмсақ бидайдың жоғарымолекулярлық глютениндері гендерінің аллельдік әралуандылығы// Цитология и генетика.-2017.-Том 51. - № 6. – С.22-31.

4. С. А. Бабкенова, А. Т. Бабкенов//Солтүстік Қазақстандағы жаздық жұмсақ бидай сорттары өніміне септериоз бен құба зеңнің зияндылығының әсері// Теоретические и прикладные проблемы АПК № 2(31) 2017.- С. 3-7.

5. А. Т. Бабкенов, С.А. Бабкенова, Е.К. Қайыржанов// Жаздық жұмсақ бидай сорттарының коллекциясына тез пісіп-жетілу және дәннің жоғары сапалылығы бойынша скрининг// Теоретические и прикладные проблемы агропромышленного комплекса. № 3 – 2017. С. 12-17.
скачать dle 12.0
3 914 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх