АШҒӨО «Zhana Dala» / «Green Day» - 2021» Қазақстандық Дала күні көрмесінде ең үздік сорттардан сынамалы зертханалық пісірілімдердің нан өнімдері көрсетілді


Жаңалықтар





«Zhana Dala» / «Green Day» - 2021»көрмесінің екінші күнінде А.И. Бараева  ат. АШҒӨО-ның сарапшылары стендтерге келушілерге Орталықтың дәнді дақылдарының перспективті сорттары туралы айтып берді. Көрмеге қатысушылардың ерекше назарын авторлары астық шаруашылығы ҒӨО-ның ғалымдары болып табылатын, дәнді дақылдардың ұнынан жасалған нан-тоқаш өнімдері тартты.
Ғалымдар көрмеде сынамалы зертхананың ең жақсы сорттарынан пісірілген нанда ды ұсынды: Шортандинская 95 жақсартылған, Асыл Сапа, Астана, Ақмола2. Пісіру биохимия және ауылшаруашылық дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасында экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік беретін ұнның су сіңіру қабілетін ескере отырып, қатаң реттелген стандартта жүргізіледі.
Жоғарыда аталған зертхананың ғылыми қызметкері Крадецкая Оксананың айтуынша, «жұмсақ бидай дәнінің сапасының маңызды сипаттамаларының бірі - бұл дән маңызының (клейковина) мөлшері мен сапасы. Бұл көрсеткіш ұнның ақуыз-протеиндік кешенінің күйін көрсетеді және белгілі бір сападағы нанның алынатындығын болжауға мүмкіндік береді. «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің жұмсақ бидай сұрыпының сорттары пісіру сапасына әсер ететін жоғары технологиялық артықшылықтарымен ерекшеленеді».
скачать dle 12.0
578 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх